Хикмет
баспа үйі
- 141 -
Кейбірі:
«Сенің нағыз досың менмін!» - дейді. Кейбіреулері:
«Жоқ, саған мен ғана жар, жолдас бола аламын!» - дейді.
Енді біреулері.
«Сен өте жақсы адамсың, жомарттық, ізгілік иесісің,
кешірімдісің!» - деп мадақтайды.
Ал кейбіреулері болса:
«Екі дүние сен үшін жаратылған. Біз сенің есігіңнің
алдындағы құлың мен күңіңбіз!» - деп жағынады.
Кейбіреулері (әр сөйлеген сайын):
«Дұрыс айттыңыз!» - деген сөздермен риялық жасайды.
Мұндай жағдайлар жалғаса береді. Өкінішке орай тән
қапасына ынтық, ақылсыз және әлсіз рухты адамдар
осыларға алданып, өздерін бір нәрсе санайды. Бұлардың өз
ішіне орныққан мыңдаған шайтанның қауіпті қулықтары
екендігін Бұл бишаралар қайдан білсін. Өйткені, бұл
дүниенің Бұл аңцауына алданған адамдар үшін дәмді тамақ,
жағымды бір әуен сияқты сезіледі. Алайда, Бұлар соңында
алауға айналатын шайтанның тамағы, ол алдымен ләззат
беретін сияқты болып көрінгенімен, кейіннен жоюшы отқа
айналады. Осы қорқыныш алауларын Бұл дүниеде сезбе-
гендер, ақиретке көтерілген алаулардың ортасында қалған
кезде ғана істің ақиқатын түсінеді, бірақ барлық істер бітіп
болады, айғайлар мен өкініштер, жойылудың соңғы сарын-
дары түрінде қалады.
Сондықтан Хазіреті Әли (радиаллаһу анһу) былай дейді.
«Адамды қүртатын екі нәрсе. Біреуі - нәпсіқүмарлыққа
салыну, екіншісі - мақтау мен мадақты жақсы көру».
Аллаһ Тағала ақиреттің бақытын дүниеде тәкаппарлық
пен пандық танытпаған, бұзыкгықжасамаған, көңілінде
Аллаһқа деген сүйіспеншілік лаулағандарға нәсіп еткен.
Өйткені, қарапайымдылық нығметінен алыстап, жа-
ман сипаттарға жұғысқан адамдар перғауынға айналудан
құтыла алмаған. Олай болса, қарапайымдылық арқылы
осындай жағымсыз ахлақтан арылу керек.