Previous Page  141 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 141 / 282 Next Page
Page Background

- 142 -

Хикмет

баспа үйі

Қарапайымдылықтың жақсылықтары көп. Қарапайым

адам жомарт болады. Жомарт адам мейірімді болады.

Мейірімді адам, мақлүқатқа қызмет етуге ықыласты бо-

лады. Бұл Раббтың ризашылығына дәнекер болады. Ал

қарапайымдылықтан алыс адам осы ізгі қасиеттерден

мақрүм болады.

Қарапайымдылық сипатына ие болған құлда түсінік

жақсы дамығандықтан қарапайым құл досымен дұшпанын

оңай ажырата алады. Қарапайымдылықтың арқасында

бір күні нәпсісіндегі сұлтандықты, әкімгершілікті және

даңққұмарлықты жоғалтқан кезде, өзіне жағынған

адамдардың бір сәтте дүшпан екендіктерін көреді. Солар

оны жек көреді. Одан жалығып, арыстаннан қашқандай

қашады.

Сондықтан құл өз ақиқатын өзіне көрсететін көңілдің

айнасы болған Аллаһ достарымен бірге болуға тырысып,

нәпсісі мен оның қулықтарын білуі керек. Әулиелер мен

олардың халдеріне жүрек кезімен қарап, хикметті түсініп,

әртүрлі нәпсінің азғырулары мен қате халдерінен қашуы

қажет.

Әулиелердің сөзі менхалдерініңхикмет екендігін білу ке-

рек. Олар лайықты болмаған адамдарға білдірмеу, лайықты

адамдарды мақрұм етпеу үшін сездеріндегі сырларды кей-

бір белгілер мен ишараттар арқылы жеткізеді. Ол сөздерді

тек таза жүрекке ие болған адамдар түсінеді. Түсінбегендер

тек қарапайым сөздерді ғана естиді.

Әбу Һурайра (радиаллаһу анһу) былай дейді:

Мен Расулүллаһтан екі түрлі білім алдым. Бірін тарат-

тым, екіншісін жасырдым. Т ратсам, өзгелер мағынасына

шыдай алмай, менің басымды жүлып алар кетер еді...

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пай-

ғамбарлық пен әулиелікгің барлық ерекше сипаттарын

өз бойында жинақтаған еді. Жүз жиырма мыңнан астам

пайғамбардың қасиеттері мен таңдаулы сипаттары, кәміл