Хикмет
баспа үйі
- 143 -
түрдебірОныңбойындажинақталғанеді.Оләрбірпайғамбар
мен әулиенің пәк сипатының ең жоғарғы дәрежесінде еді.
Әрбір пайғамбар пайғамбарлықта, өзіне тән пәк сипатқа
ие болған, мысалы:
Ибраһим (аләйһиссәләм) Аллаһтан басқа көңілінде
ешбір жаратылыстың орны болмаған деген мағынада
"Халилұллаһ", Хазіреті Мұса (аләйһиссәләм) Аллаһпен тіл-
дескен, өмірі жәләл (айбындылық) сипатының көрінісінде
болған деген мағынада "Кәлимүллаһ", Иса (аләйһиссәләм)
іш пен нәпсінің тазаруымен кемелденген деген мағынада
"Рухұллаһ" атағына ие болған.
Әулиелердің де әрқайсысы ерекше сипаттарға ие. Және
әртүрлі көріністерге ие. Мәселен: Абдұлқадир Гейлани
(құддисә сирруһ) басқарушылықпен қолдануда, Мүхидцин
Араби (құддисә сирруһ) рухани ілімдер мен көрегенділікте,
Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) болса, жанды өртейтін
ғашықтық, ынтықтықжәне махаббатпен ерекшеленеді.
Хазіреті Мәуләнә ез халін былайша жеткізеді:
«Мен бұл сырларды бүкпелеп қысқаша ғана айт-
тым. Ашып айтқан жоқпын. Әйтпесе, кеңірек баяндауға
тырысқандардың тілі, тыңдағандардың түсінігі күйіп ке-
тер еді».
Басқа бір шумағында былай дейді:
«Менің шумақтарым - өлең емес, рухани әлем. Әзілім де
- әзіл емес, әдеп, киссаларым – қарапайым жәй ғана сөздер
емес, тәлім. Сырларды ашып түсіндіру үшін (солай ет-
тім)»
.
Мәснәуи - тәлім, иршад пен тәрбие үшін ретке келтіріл-
ген бір кітап. Мәснәуидің екінші бір ерекшелігі түсініктер
мен қабілеттер әр адамда әртүрлі болғандықтан кейде
әзіл соқпағына түседі. Яғни, қарапайым болып көрінген
қиссалар арқылы иләһи тәртіптің сырларын, қүпияларын,
ерекшеліктерін өзгеше түрде түсіндіреді.