Хикмет
баспа үйі
- 145 -
Материалдық зат осылай болғанымен рух негізіне
қайта оралады. Рухани негізі жәннаттың элементтері-
нен болғандар жәннатқа, жәһәннамның элементтерінен
болғандар, жәһәннамға кетеді. Мәуләнә (құддисә сирруһ)
емірінің үш кезеңін: «Шикі едім, пістім және өртендім!» -
деп жеткізеді. Тәннің жануы - рухтың рухани қоректерге
тойып хайуани қоректерге орын қалмаудың нәтижесі
дүниелік ләззаттардан толықтай арылуы деген мағынада.
Көбелек қалайша жарықтың айналасында тартылысқа
тап болып, еркінен айырылып, соңында жарыққа соғылып,
тәнін жақса, Хазіреті Мәуләнә да:
«Тәнді жақпай, иләһи ғашықгық пен махаббаттың
ләззатына қауышу мүмкін емес»
- дейді.
Халлаж Мансұр көп рухи толқулардың салдарынан
өлімді сағынып: «Мен өлгенде ғана тіріліп, өмірге келем!»
- деді. Нәпсінің иірім шұңқырларына түспеу үшін Мәуләнә
(құддисә сирруһ) өлеңдерінде былай деп ескертеді:
«Балшық жеме! Балшықты сатып алма! Және
балшықты іздеме! Өйткені, балшық жейтіндердің түрі
үнемі сары болады».
«Рухани қабілеттеріңді жетілдіру үшін көңіл же! Яғни,
жүрекке түскен фәйіздермен қоректенсең, үнемі жасарып,
иләһи көріністерден түрің раушан гүлі сияқты болады!»
Бабил патшасы Нәмруд Хазіреті Ибраһимді отқа
салғызды. Бірақ:َ
��ِ�
َا
�ْ�ِ
ا
�َ�َ� �ً�َ�َ�َ
ْدًا و
�َ� �ِ��ُ�ُ
ر
�َ� �َ�
«Ей, от! Ибраһимге салқын да қауіпсіз бол!»
(Әнбия, 69)
әмірі бойынша от оны жандырмады. Айналасы гүлстанға
айналды. Ол отқа Нәмруд пен ізбасарлары түскен де,
денелерінің күлі де қалмас еді. Өйткені, оларда Ибраһимнің
қасиеті жоқ, Нәмрудтың қасиетіне ие еді.
Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Бәдір
соғысында екі жақ қарама-қарсы келген кезде жерден