- 132 -
Хикмет
баспа үйі
«Хакимул - Харамәйни-Шәрифәйн (екі абыройлы мекен
Мекке мен Мәдинаның әкімі)» делінген кезде:
«Жо-жоқ! Керісінше, Хадимул - Харамайни-Шәрифәйн
(екі абыройлы мекен Мекке мен Мәдинаның қызметшісі!)»
- деп жылап, жауап қайтарды.
Ыстамбұлға қайтып келгенінде күндіз Үскідарға
жетті. Ыстамбұл халқы өзін қатты қошаметпен қарсы
алатындығынан хабардар болғандықтан кеңесшісі Хасан
Жанға:
«Кеш түсіп, күн қарайсын, бәрі үйлеріне қайтсын,
көшелер босасын, мен содан кейін Ыстамбұлға кірейін.
Фәнилердің қошеметі мадақтары мен ілтипаттары бізді
жеңіп, жерге құлатпасын!» - деді».
Явузды - қорқынышты Сина шөлінде арыстан, Мысырға
кіргенде қарапайым, көзі жасты шүкіршілікке бөленген
мүмин, Үскідарға келгенде өзін нәпсімен күресуге
бағыттаған иләһи және ішкі ләззаттарға шомылған бір
дәруіш сияқты көреміз.
Хасан Жанға мына шумақтарды айтты:
Әлемге патша болу бос бір талас екен,
Бір әулиеге пенде болу бәрінен биік екен!
Явуздың кеңесшісі Хасан Жан оның қалай қайтыс
болғанын былайша баяндайды:
«Арқасына шиқан шыққан еді. Шиқан аз уақытта
ұлғайып, үлкен тесікке айналады. Жараның ішінен
Явуздың бауырын көретін едік. Өзі қатты қиналатын,
қасына жақындап:
«Хан ием, енді Аллаһ Тағаламен бірге болу уақыты кел-
ген сияқты!» - дедім.
Атақты сұлтан бұрылып, бетіме таңдана қарап:
«Хасан, Хасан! Сен мені осы сәтке дейін кіммен бірге деп