Хикмет
баспа үйі
- 127 -
Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Көктемде тас көгере ме? Сенде түрлі-түсті гүл бәйшешек
ашсын десең, топырақ бол!»
Яғни, көктемнің берекетінен нағыз нәсібін алатын - тек
топырақ. Сондықтан да үстіне әртүрлі гүл бәйшешек өсіп,
шешек атқан кезде тас та көктемді көреді, бірақ, одан нәсіп
ала алмайды.
Жүректері тасқа айналған адамдар да табиғаттағы жан-
сыз жаратылыстар сияқты. Оларға да көктем жаңбырынан
пайда жоқ. Нәпсінің кедергілерінен құтыла алмаған адам-
дар үшін құлшылықтар нәпсінің құмарлықтарынанжеңіліс
табады. Мүндай адамдарда нәпсі әртүрлі қателер арқылы
құбылаға айналады.
Тарихта атақ-абыройға ие болған мемлекет адамдарын
әрқашан да ұлы рух тәрбиешілері тәрбиелеген. Олар, өздері
өсірген мемлекет адамдарына терең көңіл бөліп, оларды
мейірім мен жауапкершілік сезімдерімен безендірген.
ЕртұғрылҒазиүлкенмүршидӘдебалиХазіретінезінеүлгі
еткен, ұлы Осман Газиді де соның тәрбиесіне тапсырған.
Ертұғрыл Ғази ұлы Осман Ғазиге одан кейінгі барлық
ізбасарлары-ның рухтарына бағдар беретін мынадай құнды
өсиет қалдырған:
«ЕЙ ҰЛЫМ!
Мені ренжітсең де Шәйх Әдебалиді ренжітпе. Ол
біздің әулетіміздің руханият күні. Таразысы ешқашан
қателеспейді!
Маған қарсы шықсаң да, оған қарсы шықпа!
Маған қарсы шықсаң, көңілім қалып, ренжірмін. Оған
қарсы шықсаң көзім саған қарамайтын болады, қарасада
сені көрмейтін болады.
Сөзім Әдебали үшін емес, сен үшін. Осы айтқандарымды
өсиетім деп біл!»