Previous Page  125 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 125 / 282 Next Page
Page Background

- 126 -

Хикмет

баспа үйі

Ол жеңістердің көптігіне, қазынаның байлығына

қарамастан өмір сүрген кезінде езіне жеткілікті дәрежеден

артық ештеңе қабылдамаған еді. Және ешқашан дүниенің

байлығына бас имеді. Қайтыс болған кезінде де мойнында

қарызы бар еді.

Төрт халифаның дәуірі осыған ұқсас көптеген

мысалдарға толы. Төрт халифа дәуірінен кейін Әмәуи

мен Аббаси мемлекеттері ізін басты. Бұл кезеңдер әртүрлі

жағымды-жағымсыз үлгілерге толы. Осылардың арасын-

да Омар бин Абдұлазиз сынды әділдікпен, мархабатпен

аты аңызға айналған тұлғалар да бар. Аллаһ Расулының

(саллаллаһу алейһи уәсәллам) немересі Хазіреті Хусайнды

Кербалада жауыздықпен өлтірткен, Имам Ағзам Әбу Хани-

фа мен Ахмед бин Ханбәл сияқты дүниег танылған Ислам

ғалымдарын зұлымдықтарына пайдалана алмағаны үшін

дүре соқтырған адамдар да бар.

Шәйх Сағди Гүлстан кітабында былай дейді:

Залым әрі пасық бір адам бір Аллаһ досынан:

«Қандай ғибадат абзалырақ?» - деп сұрайды.

Ол:

«Сен үшін ұйқы. Өйткені, ұйықтап жатқан кезіңде еш-

кімді ренжіте алмайсың!» - деп, жауап береді.

Адамның нәпсісін төмен ұстауы және ешкімге ектем-

дік көрсетпеуі, Аллаһтың құлдары үшін қалаған жоғары

бір қасиет. Абай болатын жағдай - кішіпейілділік, дүние

адамдарының арасында сыйлы болу, пайда алу үшін емес,

иләһи ризашылық үшін болуы керек. Әйтпесе, ол арамдық

болады.

Қарапайымдылыққа керісінше мінез - тәкәппарлық пен

өктемдік көрсету болып табылады. Атақ - адам үшін ең

үлкен нәпсінің апаты. Атаққұмар адам көптеген зүлымдық

жасаса да, парқына бармайды. Өзінің дәрежесін түсіріп за-

лым болады.