- 122 -
Хикмет
баспа үйі
«Ол рухани мастықтан тебіреніп, осылай деді. Бурын
соңды болмаған тебіреніспен есінен танып, ақылынан ада-
сып, барлық сырларды айтатындай халге жеткен еді».
«Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
оны осы халден оятуүшін: "Есіңдіжый! "Үндеме"-депХазі
ретіЗәйдтіңжағынан тартып, былай деді: "Есіңді жина!
Тіліңніңтізгініне ие бол, айтылмайтын сөздерді айтатын
халге жеттің. Рухыңның айнасы тән қапасынан сыртқа
ұшты. Бірақ, қол жеткізген сырларды айту оларды сіңіре
алмағандықтан екендігін ұмытпа. Аллаһтың бір есімі
Саттар осыны біл, бұл сипатқа ие болу бақытын сіңіре
алмағандық үшін құрбан етпе!»
Кейде Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сондай
бір рухани фәйіз бен ләззатқа толатын. Бұл жағдайға үнемі
шыдау мүмкін емес еді. Әсіресе уахи келген кезде қатты
күйзеліп, моншақтап тер төгілетін.
Кейде осы тебіреніс шегіне жеткен кезде:
«Ей, Айша, руханият мені басып алды. Кел маған біраз
сөз айт!» -
деп адами халге қайтып оралатын.
Керісінше дүние басым түскен кезде:
«Ей, Биләл! Азан шақыр!»
- деп адам өмірі үшін қасиетті
тепе-теңдікгі орнататын.
Әйтпегенде, адамға өнеге болатын сол мүбәрәк жараты-
лыс, артынан ерген керуенмен бірге бола алмас еді.
Пайғамбар сұхбатының фәйзіне ең көп тәнті болған Хазі-
реті ӘбуБәкір (радиаллаһу анһу) еді. Хазіреті Пайғамбармен
кейде жеке сұхбаттары болатын, мұны басқалары ешқашан
сезбейтін. Хазіреті Омар (ради ллаһу анһу) осы рухани бай-
ланысты қалай баяндағанына қараңыз:
Расулұллйһтың алдына бардым. Хазіреті Әбу Бәкірмен
(радиаллаһу анһу) тәухид ілімі хақында сұхбат етіп отыр
екен. Екеуінің арасына отырдым. Бейне бір арапша білмей-
тін адам сияқты айтқан сөздерінен ештеме түсінбедім.