Previous Page  127 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 127 / 282 Next Page
Page Background

- 128 -

Хикмет

баспа үйі

Өте ұшқалақ Осман Ғазиді Әдебали Хазіреті өз тәрбиесі

мен қамқорлығына алып, оған мағрифатұллаһтың ләззатын

таттырып, оны көркем ахлақ, қамқорлық, салмақтылық

пен кемелдікке жеткізген. Осылайша оны әлемге әйгілі

мемлекеттің басшылығына әзірлеген.

Бұл женінен Осман мемлекетінің негізгі сәулетшісі -

Шәйх Әдебали Хазіреті саналады. Басқа билік құрылымдар

даШәйхӘдебалидайтәрбиешіболмағандықтанқұлдыраулар

болса, Османлы билігі аз уақытта мемлекетке, мемлекеттен

әлемдік империяға айналған, Әлемге алты ғасыр Исламды

таныттырып, әділдік пен хақты орнатып, Хақ Тағаланың

таразысы болды.

Шәйх Әдебали Хазіретінің Осман Ғазиге және оның

ұрпағынан келген мемлекет адамдарына бағыт болған

есиеттерінің кейбірі мыналар:

«Ей, ұлым!

Бисің! Осыдан кейін ашу бізге, кішіпейілдік саған...

Өкпе бізге, көңіл табу саған... Кінәлау бізге, төзім саған...

Әлсіздік, қателік бізге, хош көру саған... Түсініспеушілік,

қақтығыс, сиыспаушылық бізге, әділдік саған... Жаман көз,

былапыт ауыз, орынсыз сынау бізге, кешірім саған..».

«Ей, ұлым!

Осыдан кейін бөлу бізге, бүтіндеу саған... Жалқаулық біз-

ге, ескерту, ынталандыру, бағыт беру саған..».

«Ей, ұлым!

Жүгің ауыр, ісің қиын. Аллаһ Тағала жәрдемші болсын.

Билігіңді мүбәрәк етсін. Хақ жолында пайдалы етсін.

Маңдайың жарық болсын. Алысқа жарығыңды жет-

кізсін. Саған жүгіңці көтере алатындай күш, аяғыңцы

сүріндірмейтін ақыл мен жүрек берсін».

«Сен және жолдастарың қылышпен, біз сияқты

дәруіштер ой, пікір және дұғалармен бізге уәде етілген

нәрсенің жолын ашу керек. Кедергілерден тазартуымыз ке-

рек».