Previous Page  129 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 129 / 282 Next Page
Page Background

- 130 -

Хикмет

баспа үйі

«Аялдап, дем алуға хақымыз жоқ. Өйткені уақыт жоқ,

мерзім аз!»

«Жалғыздық қорқаққа ғана тән. Жерге егін егуді білетін

диқан, басқалармен ақылдаспайды. Жалғыз өзі қалса да...

Топырақтың құнарлы екенін білсе болғаны».

«Сүйіспеншілік дағуаның негізі болуы керек. Сүю -

үнсіздікте. Айғайлап сүюге болмайды. Көрсетіпте сүюге

болмайды!»

«Өткенін білмеген болашағын да білмейді. Осман!

Өткенді жақсы білсең, болашаққа нық қадам басасың.

Қайдан келгеніңді ұмытпасаң, қайда баратыныңды да

ұмытпайсың».

Міне, осы құнды үкімдермен Әдебали Хазіреті Осман

Бейді ұн сияқты иледі. Осылай илеуі де к рек еді. Өйткені,

Осман Бей қиын жағдайда болатын. Жан - жақтан келіп

өзіне қосылған тайпаларды бір арада ұстай ма, тепе-теңдікті

сақтайма,Византиянықолдайма, Гермияндыма,Моңғолды

бақылай ма, кәпірлермен соғыса ма?!.

Әдебали Хазіреті осы сияқты барлық істерде Осман Бейге

руханижолсілтеп, оғанжәрдемдесіп, тығырықтаншығатын

жолдарды көрсетіп отырған.

Османлы мемлекетінде ханзадалардың тәрбиесіне қатты

көңіл бөлінетін. Тәлім - тәрбие өте кішкентай кездерінен ба-

сталатын. Бұл тәрбие сол кездегі үлкен тұлғалартарапынан

жасапатын. Әсіресе рухани тәрбиеге баса мән берілетін.

Өйткені, болашақта патшалық солардың қолына тапсыры-

лады. Патшалықтың әділдікпен жалғасуы, мемлекеттің

қауіпсіздігі солардың қолынд болады.

Патша болғаннан кейін де оған қажетті ескертулер және

мүршидтер-дің жәрдемі мен бағдары жалғаса беретін.

Мүршидтердіңқамқорлығыәрбір ғасырдағыбасшыларға

үнемі ана қүшағының мейірімі мен жылылығы сияқты

болатын. Азиз Махмұд Һүдайи Хазіретінің III - Мұратқа