Previous Page  124 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 124 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 125 -

Пайғамбар дәуірі мен төрт халифа кезеңі тарихта

адамзатқа теңдесіз бір тыныштық пен бақыттылық сыйлап,

көптеген керемет адамдық үлгілер көрсеткен.

Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу) халифа болған кезінде:

«Ей, адамдар! Мен хақтан, әділдіктен айырылсам не

істейсіңдер?» - деп сұрағанда, тұрғандардың біреуі:

«Ей, Омар! Сен ауытқып, хақтан айырылсаң, сені

қылышымызбен дұрыстаймыз!» - деп, жауап берген кезде,

Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу):

«Әлхамдулиллаһ!Ауытқысамменіқылышыменжолғаса-

латын достарым бар екен!» - деп шүкіршілік етіп, қуанады.

ЖәнедеХазіретіОмархалифаболғанкезіндематериалдық

қиыншылықта еді. Әрең тіршілік ет тін. Алайда, қазына

олжаға толы еді.

Кейбір алдыңғы қатардағы сахабалар Хазіреті Омардың

қызы Хазіреті Хафсаға (радиаллаһу анһә), әкесінің

қазынадан тіршілік ететіндей үлес алуын ұсынуды сұрады.

Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әйелі

Хазіреті Хафса әкесіне осы ұсынысты айтқанда Халифа Ха-

зіреті Омар (радиаллаһу анһу) қызынан:

«Қызым, сен Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм) жұбайы едің. Маған айтшы, Хазіреті Расулұллаһ

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қандай тамақ ішуші еді?» -

деп сұрайды.

«Жететіндей дәрежеде ғана еді,» - деген жауапты есті-

ген соң, Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу) былай деп, сөзін

сабақтады:

«Екі досым (Хазіреті Пайғамбар мен Хазіреті Әбу Бәкір)

және мен үшеуміздің жағдайымыз бір жолмен жүрген үш

жолаушы сияқтымыз. Алғашқысы (Хазіреті Пайғамбар)

мәртебесіне жетті. Екіншісі (Хазіреті Әбу Бәкір), сол жол-

мен жүріп біріншіге жетті. Үшіншісі (мен) де арттарынан

соларға жеткім келеді. Көп жүк арқаласам, оларға жете ал-

маспын!» - деді.