- 124 -
Хикмет
баспа үйі
ЗАЛЫМНЫҢЖАҚСЫЛЫҒЫ
!
«Көктемде тас көгере ме? Сенде түрлі-
түсті гүл шешек атсын десең, топырақ
бол!»
Хазіреті Мәуләнә.
Бір патша жұма күні мешітке кетіп бара жатады,
қорғаушылары көшеге жүгіріскен халыққа:
«Жол беріңдер! - деп айғайлап, оларды текпілеп, таяқпен
жасқап патшаға жол ашуға тырысты. Сол кезде кездейсоқ
сол жерде болған бишара пақыр да сақшылардан бір талай
таяқ жеп, қан жоса болған еді. Шыдай алмай, патшаның ар-
тынан былай деп айқайлады:
«Мына істеген зұлымдығыңа қара! Халықтың алдын-
да осылай істеген сенің, жасырын зұлымдығыңнан Аллаһ
Тағала баршамызды сақтасын! Өзіңше мешітке бара жатыр-
мын, жақсылық істедім деп ойлайсың! Сенің жақсылығың
осы болса, жамандығыңның не екенін кім білсін?!».
МӘСНӘУИ:
«Залымдардың жақсылығы осы, енді жамандығын өзің
салыстыр!»
Тарих адамдарға залымдар мен менменшілдердің салған
жарасы, қиыншылығы, ауыртпалығы мен аянышты
көріністері меносылардыңаяныштынәтижелерінбір ғибрат
ретінде ұсынғанымен қатар, әділ әрі салих басшылардың
мейірім, мархабат пен қамқорлыққа толы абыройлы
көріністерін де мадақ пен қолдау үшін жайып салады.