Previous Page  118 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 118 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 119 -

Мұндай әрекет ракпен ауырған адамның медицина кі-

табын оқып, өзін емдегені сияқты болады. Дәрігерлер де

өздері ауырған кезде басқа дәрігерге емделеді. Өйткені,

адам өз ауруын емдей алмайды. Бұл бір субъективтік нәрсе.

Ешбір қазы өзіне байланысты үкім шығара алмайды. Басқа

қазының құзырына барғаны жөн.

Ақиқатты тек өзінің тар түсінігімен көруге тырысатын-

дар - аспанда үшқан құстың жердегі көлеңкесін ұстамақ

болған бала сияқты. Бишара, ақырында күш-қуаты бітіп,

босқа ентігеді, құстың аспанда ұшып жүргенін білмейді.

Ойланбайды да. Қайтадан жердегі келеңкесін қуалайды.

Сол ақымақ аңшы тоқтамай құстың жердегі көлеңкесін ата-

ды. Ақыры, барлық оғы бітсе де, қашқан көлеңкені бәрі бір

ата алмайды.

Мінеосылайшақаншамаадамемірқоржынындағыалтын-

дай құнды уақыт оқтарын осылайша тауысқан. Балалардың

пластик ойыншықтарга апданып уақыт өткізгені сияқты.

Дүниеге алданған ақымақ соңынан қуған көлеңкенің негі-

зінде Хақ Тағаланың есімдері мен сипаттарының шағылуы

екендігін білмейді. Сондықтан негізгі нәрсені тастап,

қиялдың соңынан қуу - емірді босқа жұмсап, жүректі

қараңғыда қалдырудан басқа ештеңе емес.

Адамды осындай алдамшы қиялдың соңынан жүгіруден

Аллаһтың қас құлдары, рухани жол көрсетушілер, құтқара

алады. Өйткені олар -жер бетіндегі Аллаһтың нұрлары.

Ақылды адам ақыл жетпесе қиялдың соңында уақыт

жұмсаудан өзін қорғау үшін сол Хақ достарының жолына

түсуі керек.

Тәкәппарлық, менмендік және мақтаншақтық сезім-

дері адамның ішіне жұлдыз сияқты қадалған. Адамның

тәкәппарлануы, өзін жоғары санаудан туындайды. Бірақ

адам хақ жолға түскен жағдайда осы қасиеттердің шы-

найы түрде Аллаһқа тән екендігін түсінеді. Өзіндегі барлық

нәрсенің Аллаһ (жәллә жәләлуһу) тарапынан оған аманат

ретінде берілгендігін көреді.