- 114 -
Хикмет
баспа үйі
с
кәміл адамға баға жетпейтіндігін, яғни дүниеуи бағаның,
адамның рухани болмысының жанында құнсыздығын
қандай тамаша баяндайды.
Басында православ дінінде болған ұстазым Яман Дәдә
Хазіреті Мәуләнәның Мәснәуи кітабының берекетімен
һидайәтқа келген, жаны күйген Пайғамбар ғашығы еді.
Бейне бір пайғамбар мен сахабаларының ахлағын бойына
сіңіргендей еді. Мына бір оқиға, осы халін көрсетуге жеткі-
лікті болар:
Бір күні дәрісте бір шәкірті:
«Ұстазым, ауыр күнә жасағандыма, әлде алапес ауыруы-
на ұшырағанды ма, қайсысын қалар едіңіз?» - деп сұрайды.
Сонда Яман Дәдә:
«Аллаһтың құлдарының жан дүниесінен бір сәттік алыс
қалып, бейхабар болғанша тірідей өртеніп күл болғанды
қалар едім!» - дейді.
Міне Исламдағы Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) бағыттаған мархабат пен махаббат көкжиегінің
шексіздігі!
Уа, Рабб! Мейірім жүрегіміздің бітпес қазынасы бол-
сын!
Әмин!