- 112 -
Хикмет
баспа үйі
«Уа, Раббым! Менің тәнімді жәһәннамда басқа құлдарға
орын қалмайтындай етіп ұлғайт!»
Хазіреті Әбу Бәкірдің (радиаллаһу анһу) осы марха-
бат сипатының көптеген мысалдары бар. Осылардың бірі
Меккенің алдыңғы қатардағы адамдарының бірі Умәйя бин
Халефтің құлы Биләл Хабаши Хазіретін үлкен құнтөлеп
сатып алып, азатеткендігі. Ол осы ісі арқылы Пайғамбар
ілтипатына бөленіп, мейірім мен жомарттықта аты аңызға
айналған. Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) бұл оқиғаны
былай баяндайды:
«Мұхаммед Мұстафа (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Миғраждан келеді. Жәннәтта Биләлдің аяғының дауысын
естігенін айтып: "Биләл қандай бақытты!» - деді».
«Мұны естіген Хазіреті Әбу Бәкір Сыддық Хазіреті
Пайғамбардың алдына барып, адал Биләлдің халін баянда-
ды».
«Ол: ғаламшарларды өлшеген мүбәрәкжаратылыс, саған
ғашық болып, саған деген махаббаттан күйіп-жануда, Сол
себепті залым адамдар әлгі періштедей адамға зұлымдық
жасауда. Кінәсіз болса да қанаттарынжұлыпжатыр. Сондай
үлкен қазынаны зұлымдық пен азғындықтың топырағына
көмбек болып жатыр».
«Ыстық күн астында қызған құмға жатқызып,
жалаңаш денесін тікенді бұтақтармен ұрып жатыр».
«Бірақ ол денесінен бұлақтай қан ақса да: «Аллаһ біреу,
Аллаһ біреу" деп, Хақ Тағалаға сәжде етуден бас тартпайды».
«Хазіреті Әбу Бәкір мархабатжәне мейіріммен тәнінің
әрбір зәррәсі қайғы-қасіретке толы тіл болып, Биләлдің
жағдайын Хазіреті Пайғамбарға қайғыра ұзақ баяндады».
«Ақыры көңіліндегі ниетті жеткізіп: «Уа, Расулаллаһ!
Оны сатып алмақшымын. Барлық байлығымды беру-
ге әзірмін. Аллаһ Тағалаға бет бұрып, Оған және Расу-
лына мойынсұнып, сол себепті Аллаһ дұшпандарының
тырнағына ілінген, азапқа тап болған мүбәрәк адамды сол