Previous Page  107 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 107 / 282 Next Page
Page Background

- 108 -

Хикмет

баспа үйі

Пайғамбар дәуірінен бері нәпіл ғибадаттар иман шабы-

тымен жалғасып келеді. Ынта және шабытпен жасалған

нәпіл құлшылықтар құлдың Аллаһқа жақындауына се-

беп болады. Рухты тереңдетеді. Мейірім мен жомарттық

қасиеттері жетіледі. Хақ Тағаланың көретін көзі, еститін

құлағы болды. Яғни олардың қарағаны, естігені, ойлағаны

және сөздерінің барлығы иләһи нұрдың көріністері болады.

Бұл мәртебеге жету нәпіл ғибадаттарға деген махаббат

пен жаратылғандарға деген мейірім арқылы болады. Бұл

турасында мысалға Имам Ағзамның 55 рет қажылық жаса-

ганын айту жеткілікті.

«Тәзкирәтүл Әулие»

кітабында жазылған адамның

Хақалдындағы құнын білдіретін бір қисса:

Табиун ғалымы, парасатты хадисші әрі сопы Абдұллаһ

бин Мүбәрәк, қажылықты орындағаннан соң Меккеде Ха-

рам Шәрифте яқаза

(рухани ояу болу)

халінде ояу отырғанда

аспаннан екі періште келіп, біреуі екіншісіне:

«Биыл 600 мың адам қажылық жасады. Бәрінің

қажылығы Шамдағы Әлибин Муаффақ деген біраяқ

киімжөндеушісініңжасаған амалының құрметі үшін қабыл

болды. Бұл адам қажылыққа баруға ниет етті, бірақ бара

алмады. Оның осы жасаған амалының құрметіне осыншама

қажылардың қажылығы қабыл болды,» - дейді.

Абдұллаһ бин Мүбәрәк бұл яқаза халден оянған соң таң-

тамаша болды. Шамның керуенімен Шамға барды. Сол

адамды тауып алып, одан:

«Сен қажылыққа бармасаң да қандай амал жасадың?» -

деп сұрады.

Әли бинМуаффақАбдұллаһ бинМүбәрәк сияқтымәшһүр

адамды көргенде қатты таңданды. Қатты толқып, есінен

танды. Есін жинаған соң, былай деді:

«Отыз жылдан бері қажылыққа баруды қалап келемін.

Ескі киімдерден 300 дирхам ақша жинадым. Қажылыққа

баруды ниет еттім. Жүкті әйелім: