

Хикмет
баспа үйі
- 103 -
«Олай болса, кешке дейін ойланайын!» - дейді.
Жәбәла бәдәуиге бірнеше тиын беріп разы етуді ішіне
(тәкәппарлығына) сыйғыза алмады. Сол түні нөкерлерін
ертіп қашып кетті. Византияны паналады, діннен шықты.
Аз уақыттан соң өлді. Менмендігі оны Исламның нұрлыжо-
лынан алыстатты, хайуани өмірдің нәпсі құмарлықтарына
алданып, осылайша мәңгілік жәһәннамға тап болды.
Осыған ұқсас тағы бір оқиға да Иран патшасы Хазіреті
Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) хатын жыр-
тып тастайды. Әдепсіз сездер айтты. Аллаһ Тағала оның
мүлкі мен салтанатын быт-шыт қылды. Қираған салтанаты
тарихта бір ғибрат көрінісі болып қалды.
Пайғамбарлар мен әулиелердің ақиқаттарынан алыс
қалып, олардан рухани нәр ала алмаған, иләһи сырлардан
құралақан қалған және материядан ары кете алмаған адам-
дар туралы Мәуләнә (құддисә сирруһ) былай дейді:
«Сен солған және рухы шіріген бір көңілді табытқа
жатқызып Аллаһқа алып барасың!»
Аллаһ Тағала саған былай дейді:
«Ей, дөрекі адам! Бұл жер саған қабір ме, неге алдыма
өлген жүректерді алып келесің?!»
«Қайта барып, алдыма иләһи сырлар мен тірі көңіл
алып кел, сол арқылы дүние көгеріп, гүлстанға айналады».
Осыған байланысты Юнус Әмрә былай деді:
Мен келгем жоқ дау үшін,
Менің ісім сүю үшін
Достың үйі көңілдер,
Көңіл тұрғызуға келдім.
Мәуләнә (құддисә сирруһ) адамның осы нәзіктік пен
сезімталдыққа қол жеткізуі үшін рухи тәрбиенің шарт
екендігін көптеген шумақтарында қайталайды. Мысалы бір
жолдарында: