Хикмет
баспа үйі
- 99
Яғни, рухтың - негіз, тәннің - көлеңке болғандығын
түсініп, бұрынырақ осы көлеңкені қиып, «фәнә филлаһ»
мәртебесіне жеткен еді.
«Ей, адам, бұлдүние - үйқы мен түс қана. Сен ол жердегі
әшекейлер мен ойын - сауыққа алданба! Егер түсіңде қолың
кесілсе немесе тәнің жапырақталып туралса да қорықпа!
Өйткені Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм):
«Бұл дүние - бір түс қана»
- деп баяндайды.
Қайғылы Юнус Аллаһ Тағалаға мінәжат халінде қандай
тамаша баяндайды:
Арифтерге бұл дүние
Қиял менен түс сияқты.
Өзін саған атаған адам
Қиял мен түстен әріге кетеді!
Сиқыршылардың Хазіреті Мұсаға аз да болса тағзым
етуі - оларға иман сыйлап, олар үлкен парасатылықпен
түс сияқты осы фәни дүние өмірін қолдарының сыр-
тымен ысырып тастап, мәңгілік бақыттылық мекенін
таңдағандықтары байқалады. Перғауынның ақыры Қызыл
теңіздің толқындары ішінде жәһәннам сапарына айналған.
Артына тастап кеткен атағы зұлымдықтың үлгісінен басқа
ештеңе емес.
Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Ақылды адамдар алдымен жылайды, сосын күледі.
Ақымақгар болса алдымен қарқылдап күліп, соңында басын
тасқа урып жылайды. Ей, адамі Парасатты болып, істің
соңын әуел баста көр, жаза күні өкініш отына жанба!»
Олай болса, өмірдің негізі іс-әрекеттерге мән беретін
қиял, сезім және пікірлерден тұрады. Адам махаббат пен
дұшпандықтыңарасындатолқыптұрады.Пайғамбарлармен
әулиелер адамдардың қолын екі дүниенің бақыттылығына