- 94
Хикмет
баспа үйі
Толған дүние емеспісің?
Юнус та тамаша айтқан:
Маған бір ғимарат көрсет,
Соңы харап болмаған!
Байлыққа қол жеткіз, бәрі бір
Төгіліп артыңда қалар!
Сол баяғы ұстанымда ұстаз Нәжіп Фазыл марқұм да,
негізгі мақсат ақыреттің әзірлігі екендігін қандай жақсы
айтқан:
Сараң зергер өзіңе басқа бір сандық жасат,
Қабірде өтетін ақшаны ғана жина!
Әрбір фәни жаратылыстың жастығы мен сергектігі
уақыт диірменінде үдайы үгітіліп жатқандығынан адам
баласы ғибрат алмай ма? Ақиретсіз өмір сүрген дүниеде
нәпсінің құмарлығын қандыратын ілтипаттар, дүниенің
ойыншықтары үлкен болашақ үшін қандай қорқынышты
алданыш!
Ғапылдықпен өткен өмір, балалық шақта - ойын,
жастықга -құмарлық, орта жаста - ғапылдық, қарттықта
- айырылып қалғандарға деген сағыныш, мыңдаған қайғы-
қасірет пен өкінішке толы
. Зікірді аузына және жүрегіне
алмаған, мархабаттан үлесі жоқ, бишараның қасіретінэстіп,
сезгісі келмеген, бетпақ, тәкәппар қашқан өлім оны әр
сәт тұзақта күтіп түр. Ақиретсіз дүние рахатына қол жет-
кізу үшін дүниенің әсіре қызықтарына орнаған, фәни
ләззаттарға ақырғы күніне дейін батқандардың соңғы халі
қандай аянышты әрі өкінішті!
Адамдар көбінесе, өмірдің мыңдаған көріністері мен
әшекейлерінің ішінде айнадағы жалғандардың құлы. Әрбір
сәт осы жалғандығы мен опасыздығын тоқтатпаған бұл
дүние - алдамшы мекені болмағанда не?
Жаны жаралы Юнус, осы алданыш мекеніне қонып -
көшкендердің халін қандай тамаша суреттейді: