Previous Page  88 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 88 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 89

т

«Кімге ұзақ өмір берсек, біз оның жетілуін (өсуін) кері-

сіне айналдырамыз. (Бұл көріністі) Ешқашан ойламай ма?

(Бұл ғибратты сапарды түсінбей ме?)»

(Йәсин, 68)

Аят кәримә адамға ең тамаша түрде насихат жасауда.

Дүниенің ең ерекше сипаты - опасыздық. Бергенін дереу

қайтарып алады. Бір күні көтерсе, екінші күні құдықтың

түбіне түсіреді. Көлеңке сияқты. Оны ұстамақ болсаң,

қашып, ұстатпайды. Сен қашсаң, артыңнан қалмайды.

Соңынан жүгірген нәрселерге қол жеткізу үшін бүгін-ертең

деп жүрген-де өмір бітеді. Дүниеге көңіл бөлсең, ол асау ат

сияқты, кейде адамды жерге жығады. Іс-әрекеттері опасыз.

Өзіне байланғандарды тез арада сатып кетеді.

«Нәпсі» кедергісінен құтылғандар үшін уақыт - ешнәрсе

теңкелмейтін бірнығмет.ХақТағалаАср сүресін«уақытпен

ант» деп бастайды. Барлық нәрсені сатып алуға болады не-

месе кейін қайтып алуға азды-көпті мүмкіндік бар. Уақыт

болса, ешқашан!

Ең үлкен өкініштердің бірі - уақыттың босқа өтуі.

Өлімді фәни дүниенің ләззаттарымен сапарды білген адам

мейманханадағы ойыншықтарға алданбайды! Өйткені

материалдық дүние-мүлік тұрақты түрде дүние мейманха-

насына тән. Барлық фәни нығыметтер бір адамның басына

жиналса және ол бақыттылықпен мың жыл өмір сүргеннен

не пайда! Бәрібір кірер жері осы қара жердің асты, осы қара

жердің бір шұңқыры емес пе?!

Өлімсіз өмір немесе қартаймайтын жастық қаласаң, оған

тек нәпсі кедергісінен құтылып, жалған әрі фәни заттарға

құл болудан құтылып, Хақ Тағалаға бас ию арқылы қол

жеткізуге болады!

Бір ариф хикмет пен ғибраттың көрмесі бұл әлемді

ақылды адамдар үшін кереметтерді тамашалау, ақымақтар

үшін жеп-ішу мен рахаттану деп танымдаған.

Нәпсіқұмарлықпен өмір сүру адамды жойылуға алып ба-

ратын қулық пен азғырындыларға толы болады.