Previous Page  91 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 91 / 282 Next Page
Page Background

- 92

Хикмет

баспа үйі

«Ей, дәруіш айнадағы соңғы нақышқа (көрініс) қара!

Сұлудың картайған кезіндегі түрі мен бір ғимараттың

үйінді болған халін ойлап, айнадағы жалғанға алданба!»

«Хақ жолындағылардың естіген дауысын алдымен есті-

гендер қандай бақытты».

Хазіреті Мәуләнә айтқан бір-біріне қайшы екі дауыстың

біреуі дүниеге бейімділік, екіншісі дүниеден жиіркену.

Олардың қайсысын тыңцап соған бет бұрсаң, екіншісінен

құр қаласың. Хадис шәрифте:

«Дүние мен ақырет, ортақ екі жұбай (күндес әйел)

сияқты. Біреуін қаншалықты разы етсең, екіншісі

соншалықты ыза болады!»

- делінеді.

Яғни, дүниеге шақырған дауыс көңілге орнықса,

ақиреггің насихаты ол көңілге әсер етпейді. Ақиретке

шақырған дауыс бір көңілге орнығатын болса, дүниеге

шақырған дауысты естімейтін болады.

Жүрекке дүниеге бейімделу иісі сіңсе, оны тазалау

өте қиын. Мәселен құмыра-ыдысқа сіңген жағымсыз иі-

сті тазарту үшін оны отқа жағу керек болса, жаман мінез-

құлықтың да тазаратын жері жәһәннам.

Руханият әлеміне қауышу үшін Хаже Фәридүддин

Аттардың (құддисә сирруһ) өсиеттері қандай тамаша:

«Құран Кәрім мен Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) хадис шәрифтерінен соң Рабтың хас

құлдарының сөздерінен артық сөз жоқ. Өйткені, олардың

сезі ғайыптан, руханияттан нәр алады. Кәсіби болмайды.

Сол себепті оларды пайғамбарлардың ізбасарлары деп атай-

ды. Сол қас құлдардың сөздерін естігендердің көңілі ру-

хани нұрға бөленеді. Ынта-жігері артады. Сырлар оларға

аян бола бастайды. Шайтанның азғырындыларынан дүние

құмарлықтан арылады.

Кейбір әулиелер Хазіреті Адамның сипатына ие, енді бі-

реулері Хазіреті Ибраһим, Хазіреті Мұса, Хазіреті Исаның

сипатынаие, аленді біреулеріМұхаммед (саллаллаһуаләйһи