Previous Page  95 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 95 / 282 Next Page
Page Background

- 96

Хикмет

баспа үйі

МАХАББАТ ПЕН ДҰШПАНДЫҚ

«Сен адам! Бұл дүниедегі әшекейлер мен

ойын-сауыққа алданба! Ұйықтап жатқанда

тәнің жапырақталып туралса да қорықпа!

Өйткені бұл дүние - бір түс қана!»

Хазіреті Мәуләнә

Адами өмірді қалыптастыру немесе құлдырату турасын-

дамахаббатпендұшпандықтанәсерлі ештеңежоқ.Лайықты

адамға махаббат, ал тиістісіне дұшпандық өмірді барынша

көтерсе, керісінше жағдайда барынша құлдыратады.

Перғауын Хазіреті Мұсаның тәухид күресінен жеңіліп

салтанатынан айырылып қалудан қорқып, сол үрейімен

Мысырдың сиқыршыларынжинапМұсамен (аләйһиссәләм)

күресуге шығарды. Сиқыршылар:

«Ей, Мұса, алдымен сен таяғыңды тастайсың ба, әлде

біз тастайық па?» - деп, Хазіреті Мұсаны сыйлап, құрмет

көрсетті.

Мұса (аләйһиссәләм) оларға:

«Сендер тастайтындарыңды тастандар!»

- (Ағраф, 115-

116) деді.

Сиқыршылар Перғауын мен Мысыр халқының алдында

жерге бірнеше шыбық және жіп тастады. Олар ирелеңдеп,

жылан сияқты көріне бастады. Сосын Құдайдың әмірімен

Мұса (аләйһиссәләм) таяғын тастады. Аса таяқ үлкен бір

айдаһар болып, алдындағы барлық сиқырлық құралдарын

жұтып қойды. Сиқыршылар бұл жағдайдың адамның

өнері емес, иләһи мұғжиза болғандығын түсінді. Өйткені

бұл сиқыр болса, тасталған шыбықтар мен жіптер сиқыр