- 102 -
Хикмет
баспа үйі
дай-ақ Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
араларында болған кезінде Меккенің мүшриктеріне де азап
етпеген. Бұл жағдай Әнфал сүресінің 33 аятында былай ба-
яндалады:ْ
�ِ��ِ�َ �ْ�َ
ْو َا
�ُ�َ�ِّ�َ�ُ�ِ�ُ �
نَ ا
�َ� �َ�َ
و
«Хабибім! Сен араларында болған кезде Аллаһ оларды
азаптамайды».
Бірақ, Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Мәдинаға һижрәт еткен соң, Меккеде үлкен ашаршылық ба-
сталып, мүшриктердің аштықтан бастарын көтеріп аспанға
қарайтындай ғана шамалары қалған. Бейне бір көрсоқыр
сияқты аспанды ақ бұлт сияқты көрген. Шарасыздықтан
Мәдинағакеліп, осыбәлекеттенқұтылуүшінРасулуллаһтан
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жәрдем сұраған.
Ескерту бабындағы мұндай көріністер, қабілеті бар
адамдардыңһидайәтқакелуінедәнекер,керісіншеқабілетсіз
адамдар үшін екі дүниенің бақытсыздығына себеп болады.
Мына бір оқиға да өте ғибратты:
Сирияда Ғассан мемлекетінің патшасы Жәбәла Хазіреті
Омардың халифалығы кезінде Мәдинаға келіп мүсылман
болды. Қажылық үшін ихрамға кірді. Тауаф ету кезінде бір
бәдәуи оның жібек ихрамын басып қалады. Жәбәла ашула-
нып, Бәдәуидің бетінен бір ұрады. Бәдәуи Хазіреті Омарға
барып Жәбәланың ісіне шағым жасайды. Хазіреті Омар
(радиаллаһу анһу) Жәбәлаға:
«Не ана кісіге ақы төлеп риза қыл! Немесе ол да сенің
бетіңнен солай ұрыл, хақысын алсын!» - дейді.
Жәбәла:
«Мен патшамын, ол қатардағы бір бәдәуи,» - дейді.
Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу):
«Мұның Исламда орны жоқ. Иләһи әділдік алдында
екеуің де теңсіңдер!» - дейді.
Бұл жолыЖәбәла: