Previous Page  105 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 105 / 282 Next Page
Page Background

- 106 -

Хикмет

баспа үйі

«Бәязид, айдай аппақ, ұзын бойлы бір пір көрді. Оның

бойында әулиелердің руханияты бар еді».

«Көздері дүниені көрмейтін соқыр, алжүрегі күн сияқты

еді».

«Бәязид, сол пірдің алдына отырды. Пір одан:

«Ей, Бәязид, қайда барасың? Жырақтық заттарын

қайда алып барасың?» - деп сұрады.

«Бәязид те:

«Қажылыққа бару ниетім бар, екі жүз дирхам ақшам

бар» - дейді».

Пір Бәязидке былай деді:

«Ей, Бәязид! Сол дүниеңнің біразын Аллаһ жолына

мұктаждарға, қаріптерге, бишараларға тарат! Олардың

көңілдерін қуантсаң, рухыңның көкжиегі ашылады! Алды-

мен көңіліңе кджылық жасат! Содан кейін нәзік көңілмен

сол нәзік қажылык, сапарын жалғастыр!»

Өйткені Қағба - Аллаһтың ізгілік үйі, яғни зиярат етуі па-

рыз болған, сауапты қажет ететін бір үй. Бірақ, адам жүрегі

- бір сыр қазынасы».

«Қағба Азерулы Ибраһимнің ғимараты көңіл - ұлы

Аллаһтың назар салатын орны».

«Егер сенде көрегендік болса, көңіл Қағбасын тауаф

кыл! Топырақтан жасалған деп ойлаған Кдғбаның негізгі

мағынасы - ол көңіл».

«Аллаһ Тағала көрінетін, білінетін Қағбаны тауаф

қылуды кірлерден тазарған, арылған көңіл Қағбасына крл

жеткізу үшін саған парыз еткен».

«Сен Аллаһтың назар орны болған көңілді ренжітіп,

қалдырсаң, Қағбағажаяу барсаң датапқан сауабың, көңілді

қалдырудың күнәсына тең келмейтіндігін жақсы біл».

«Сен бар-жоғыңды, мал-мулкіңді беріп бір көңіл тұрғыз!

Сол тұрғызған көңілің қабірдегі сол қараңғы түнде саған

жарық болады!»