Previous Page  109 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 109 / 282 Next Page
Page Background

- 110 -

Хикмет

баспа үйі

Тек қана сыртқы керініспен рухи тереңдікке қол жеткізу

мүмкін еместігіне байланысты Бәязиди Бистамидің мәшһүр

қиссасы бар:

Мүридтерінің біреуі:

«Ішігіңізден бір қиқым беріңіз мен оны тәбәрік ретінде

тастамай алып жүрейін!» - дейді.

Бәязид оған жауап ретінде:

«Ұлым, сен өзің адам болмаған соң Бәязидтің ішігін

емес, сойып терісін жамылсаң да оның саған еш пайдасы

жоқ!»

- дейді.

Бәязиди Бистами (құддисә сирруһ) сапарда бір ағаштың

астына біраз отырып демалып, ары қарай жол тартады.

Жолда қоржынының үстінде демалған жерінен бірнеше

құмырсқаның жүргенін көрді. Оларды елдерінен айырып,

жырақ өмір сүргізбеу үшін кейін қайтады. Демалған орны-

на келіп, құмырсқаларды еркіне жібереді.

Жүнәйд Бағдади (құддисә сирруһ) намазына бармақшы

болғанда шапанының үстінде мысық ұйықтап жатқанын

көреді. Оны мазаламау үшін сол күні намазға шапансыз

барайын десе, ыңғайсыз санайды. Мысықты оятпай сол

жатқан жерін кесіп, кесілген шапанын киіп мешітке бара-

ды. Мысық ұйықтап жата береді.

Бұл халдер - жаратушысы үшін жаратылғандарға деген

теңдессіз мейірім мен мархабаттың көріністері.

Раббыға жақын мүминнің көңіл көкжиегінің тереңдігі.

Хадис шәрифте былай делінеді:

«Мысығының аш қалғанына мән бермей өлуіне себеп

болған әйел жәһәннамға кетті. ИІөлден қыңсылаған итке

етігімен су берген күнәһар әйел кешірілді».

Тағы бір хадис шәрифте:

«Сендер

жердегілерге

мейірімділік

жасасаңдар,

көктегілер де сендерге мейірімділік жасайды!» - делінеді.

Бәязиди Бистами (құддисә сирруһ) былай дейді: