

Хикмет
баспа үйі
- 105 -
МЕЙІРІМНІҢ БЕРЕКЕТІ
«Егер біз бен ризашылығымызды қаласаң,
Мұның бір көңілді табуға байланысты екен-
дігін ұмытпа!»
Хазіреті Мәуләнә
Иманның алғашқы жемісі - мейірім. Одан алыс көңіл
жанды (тірі) болып саналмайды. Әрбір ізгі істің басы
болған бисгииллаһ пен «Фатиха» Аллаһтың Рахман мен
Рахим (мейірім) есімдерімен басталады. Пайғамбарлар мен
әулиелердің өмір тарихы да мейірім дастанына толы.
Аллаһтың ахлағын бойына сіңірудің ең табиғи
нәтижелерінің бірі -мейірімге толы терең көңіл иесі болу.
Ғибадаттардың, әсіресе қажылықтың ақиқатына осындай
көңіл арқылы қауышуға болатындығын Мәуләнә (құддисә
сирруһ) темендегі хикаясы арқылы баяндайды:
«Үлкен пір Бәязиди Бистами қажылық пен умраны орын-
дау үшін Меккеге қарай жылдам кетіп бар жатады».
«Әрбір барған жерінде сол жердің улықтарын іздестіріп;
Бұл жерде көреген (парасатты) адам бар ма?» - деп ал-
дынан шыққан адамнан сұрайтын».
«Өйткені қай жерге барса да, ең алдымен Хақ достарын
табу шарт деп сенетін еді».
Өйткені Хақ Тағала
�
ن
�ُ�َ�ْ�َ�َ �ْ �ُ�ْ�ُ�ْ
ِاِن
�ْ�ِّ��
َا
�ْ�َ
ُآ ا
��َ�ْ��َ�
«Егер білмесеңдер, зікір иесінен сұраңдар!»
- (Нахл,43;
Әнбия, 7) деп бұйырады».
«Мұса (аләйһиссәләм) да ішкі ілім иесі Қызырды зиярат
етуге әмір алған еді».