Хикмет
баспа үйі
- 111 -
Қазіргі кезде де мыңдаған әулие бар. Бірақ, ғасырдың
құтұптық
(ең үлкен әулиелік дәрежесі)
міндеті Әбу Хафс
деген ұстаға берілген еді. Осының хикметін білу үшін
ұстаханасына бардым. Оның қатты қайғырғандығын көріп,
себебін сұрадым. Қайғыра отырып былай деп жауап берді.
«Менің қайғымнан үлкен қайғысы бар, менен қайғылы
адам бар ма екен? Менің қайғым: қиямет күні осыншама
Аллаһ құлдарының халі не болар екен?» - деген ой.
Сосын жылап, мені де жылатты. Мәнісін білмек болып:
«Халықтыңазапталуынаносыншаманегеқайғырасың?"-
деп сұрадым.
Әбу Хафс Хазіреті жауап ретінде:
«Менің жаратылысым мархабатпен және мейіріммен
біте қайнасқан. Егер жәһәннамдықтардың барлық азабы
маған жүктеліп олар кешірілетін болса, мен бұған риза бо-
лып, қайғыдан айырылар едім» - дейді.
Сонда барып Әбу Хафс Хазіретінің «нәпсім, нәпсім» де-
ушілерден емес, пайғамбар ізін басып, "үмметім, үмметім"
деушілерден екендігін түсіндім. Оның қасында біраз
уақыт болдым. Осы кезде оған Құранның кейбір сүрелерін
үйреттім. Бірақ, қырық жылдан бері үйреніп, түсіне
алмаған дәрежеге сол арқылы жеткендіктен, нағыз тәлімді
ол маған жасаған еді. Ішім Раббымның рухани нұрына
толды. Және кұтұптықтың өзгеше сыр екендігін түсіндім.
Парасаттылық, тек қана ілім мен көп ғибадат арқылы
емес, соларды парасаттылыққа айналдыру және Аллаһ
Тағаланың сыйы мен ризашылығына байланысты. Осы сый
мен ризашылықтың Әбу Хафс Хазіретіне нәсіп болуында
оның терең мейірімі мен мархабатының табиғи қасиетіне
айналғандығының берекеті де бар екендігін ұмытпаған
жөн.
Осы мархабат пен мейірімнің Пайғамбардан кейін ең
үлкен үлгісін көрсеткен Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу).
Оның Әбу Хафс Хазіретіне де үлгі болған кең мейірім мен
мархабаттың кемелдігін білдіретін дұғасы мынадай: