Хикмет
баспа үйі
- 113 -
жағдайдан құтқармайынша, осы дүниеде жаным жай тап-
пайды,» -деді».
«Хазіреті Мұстафа (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бұған қатты риза болып: «Ей, Аллаһтың және Расулының
мейірімді досы! Бұл саудада менде саған ортақпын» - деді».
«Хазіреті Әбу Бәкір дереу Биләлдің қожайынының үйіне
барды. Биләлға жасаған азаптан есі шыққандай қалыпта
еді. Хазіреті Биләлдің мейірімнен жұрдай қожайынына
ауыр сөздер айтты».
«Ей, арам! Ей, ашудан көзі қызарған, мейірімсіз! Бұл
Аллаһ досына қалай таяқ ұрасың? Ей, ынсапсыз! Бұл не
қылған қастандық?»
«Ей, мейірімнен жұрдай адам! Өзіңді адаммын деп
ойлайсың ба? Ей адамшылықтан безген, жиіркенішті
адам! Сен адам бейнесіндесің, бірақ, адамзатқа жағылған
күйесің!»
«Осы сөздерден кейін Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу) сол
адамныңашкөзін дүние-мүлікпентолтырды. Бұлжағдайға
Биләлдің қожайыны қатты таңданып, Әбу Бәкірдің халі-
не таң-тамаша болды».
«Оның Бұл таң-тамаша болғанын сезген Әбу Бәкір Хазі-
реті, әлгі нәсіпсіз адамға былай деді: Ей, ақымақ! Сен бала
сияқты бір жаңғақ үшін маған баға жетпес інжу-маржан-
ды бердің, бірақ бұдан бейхабарсың! Биләлдің екі дүниеге
татитындығын білмейсің. Мен оның рухына қараймын,
сен болсаң оның түріне қарайсың».
«Егер сен тағы біраз саудалассаң оны алу үшін
одан артығын берер едім. Әлде де біраз саудалассақ,
қолымдағының бәрін берер едім, тіпті қарызға батар едім.
Сонда да бұл саудада мен пайдаға батар едім. Ей, нәсіпсіз
адам! Гауһар тастың бағасын тек қана зергер білетіндігін
жақсы білгейсің».
Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) осы қиссасында мар-
хабат пен мейірімінің кәміл көрінісін көрсетумен қатар,