Previous Page  114 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 114 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 115 -

АДАМ БОЛ, АДАМ!

«Қабірстанга барып, сол жерде аз уақыт

үнсіз отыр! Сол жердегі үнсіз сөйлегендерге

құлақ сал!»

Хазіреті Мәуләнә

.

Бір адам бір үлкен қалаға келеді. Көше аралап жүріп,

жұпар сататын әтіршілердің көшесіне тап болады.

Дүкендерден гүл, жауқазын иістері жан-жаққа таралып

жатты. Адам бірнеше қадам басты. Хош иістен басы айнал-

ды. Артық шыдай алмай, есінен танып, құлап қалды.

Халық есінен танған адамның басына жиналды. Кейбіре-

уі жүрегін тыңдап, білектерін уқалап, кейбірі гүл суымен

бетін жуып жатты. Не істесе де, адамның есін жиғыза алма-

ды. Хош иістер, гүлдің сулары босқа төгіліп, адам бір түрлі

есін жия алмады. Одан бетер есінен айырылды. Шаралары

таусылды. Жан-жаққа хабарлап, туыс-туғанын іздестірді.

Адамға ешбір ие табылмай, қанша сағат өтсе де адам есін

жинай алмады. Кешке қарай сол жерден өтіп бара жатқан

бір тері илеуші адам оны таниды да көпшілікке:

«Оған гүл суын сеппеңдер! Мен оның қандай аурумен

ауырғандығын білемін. Сендер оған тиіспеңдер, мен біраз-

дан соң келемін» - деп, кетіп қалды.

Бір күркеге кіріп, біраз тері иін уыстап алады.

Әтіршілердің көшесіне келіп, жасырын тері иінін есінен

танған адамның мұрнына ұстайды. Ғажап! Ол адам есін жи-

най бастайды. Біраздан соң орнынан тұрып, тері илеушімен

бірге кетіп қалды.

Өйткені, есінен танған адам да тері илеуші еді. Жыл-

дар бойы сасыған терілердің арасында жағымсыз иіске