- 120 -
Хикмет
баспа үйі
Зәйд бин Харисә (радиаллаһу анһу) Хазіреті Пайғамбар-
дың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) азат еткен құлы еді.
Оны Хазіреті Хадиша анамыз сатып алып, Расулұллаһқа
сыйлаған, Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) оны азат еткен еді. Бірақ, Зәйд (радиаллаһу анһу)
Аллаһ Расулынан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көрген
теңдессіз ахлақ пен парасаттылығы үшін одан айырыла
алмай, оған қызмет ету ол үшін ерекше нығмет әрі абы-
рой екендігін түсінген еді. Тіпті оны тауып, қасына келген
әкесіне еріп қайтпай:
«Уа, Расулаллаһ! Менің барым сенсің! Жер бетінде се-
нен артық ешкімім жоқ,» - деп, Хазіреті Пайғамбардың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қасында құл болуды Одан
бөлекалыстағы, барлық еркіңдікген артық көрген.
Сол себепті Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
оныартығымен ұнатып, көңіл бөліп, оған ілтипат ететін. Ха-
зіреті Зәйд (радиаллаһу анһу) Расулүллаһтың (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) сұхбаттарында шабытқа толып, нұрға
қарық болатын.
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Иман бағың гүлдеген болса, мұның белгісі не? Көрсет!»
- деп сұрағанда, Зәйд (радиаллаһу анһу):
«Дүниеден бас тартқан соң күндіз сусыз, түнде ұйқысыз
өмір сүретін болдым. Оқ қалқаннан қалай өтсе, мен де күн
мен түндерден солай өттім. Хаққал-Яқин сырына көз жет-
кіздім. Ол жерде уақыт деген ұғым жоқ екендігін көрдім!
Бір ғасыр мен бір сағаттың айырмашылығы жоқ! Барлық
көрінген нәрсе бір Аллаһтың көрінісі ғана. Ол жерде таң да,
кеш те жоқ! Ежелгі мен мәңгілік бір-біріне аралас, әлемнің
басы мен соңы бірдей! Ол жер - мына аздаған ақылдың ша-
масы жетпей, жолда қапатын мекенсіз, уақытсыз әлем,
Міне, солжерде Раббымның ғарышын айқын көргендей бол-
дым. Бір-біріне қыдырысқан жәннаттықтар мен бір-бірімен
жауласқан жәһәннамдықтарды көргендей едім!» - деді.