Previous Page  115 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 115 / 282 Next Page
Page Background

- 116 -

Хикмет

баспа үйі

үйренгендіктен, әтіршілер көшесіндегі тамаша иістерге

шыдай алмай, сондықтан есінен танып қалған еді.

МӘСНӘУИ:

«Дүние қоңызыүнемі нәжістерді арқалайды. Сондықтан

да гүл суынан есінен танады. Оның дәрісі де нәжіс иісті

нәрселер. Өйткені соған үйренген, сонымен біте қайнасқан.

Насихат етушілер де қараңғы адамды оған есік ашып,

жақсы қарап, шипа табуы үшін хикметке толы жылы

сөздермен, жұпар иісімен, гүл суымен емдегісі келеді.

Егер біреуге насихаттың хош иісінен пайда болмаса,

әрине ол жағымсыз иістерге үйренген деген сөз.

Сенде нұрдан, үгіттен, ізгілік пен әсемдік ен нәсібіңді

ал! Мұрныңды нәжіске тығып, дүние қоңызы болма! АДАМ

БОЛ, АДАМ!»

Таң самалы гүл қалампыр және сирек кездесетін гүл

бәйшешек атқан бақшадан ескен кезде, тамаша жағымды,

көңілге көктем күнін сыйлайтын хош иістерді ескен жерле-

ріне алып барады.

Көңіл ерлері салихтер мен ариф адамдар, жүрегіндегі

махаббатты, ғашықтық пен ынталарын өз сұхбаттарында

көрсетеді. Жүректеріндегі сырлардың нұры жамағатта

көріністабады. Осы шағылыс пен боянудың нәтижесінде

қабілетіне қарай көңілдер, фәйіз бен ақиқаттың нұрына то-

лады.

Асхабы Кәһфтің Қытмирі ит бола тұра, тура жолдағы

адамдармен бірге өліп, оларды үңгірдің аузында сеніммен

күзеткендіктің берекеті арқылы жәннатқа кіреді.

Хазіреті Мәуләнә бұл оқиғаны былайша баяндайды:

«Асхабы Кәһфтің иті сол иләһи фәйіздің арқасында

арамдықтан құтылды да патшалар дастарханының ба-

сына отырды».