- 118 -
Хикмет
баспа үйі
Өзіне не шағылысса, соны ғана көрсетеді. Әулиелер де иләһи
көрініс алдында болсын, материалдық дүниенің алдында
болсын, сондай айна сияқты. Оған қараған адам өзін кере-
ді.
Шәйх Ниязи Мысри
(құддисә сирруһ):
«Халық ішінде айнамын.
Әркім кдрап, бір сәт көрер.
Не көрсе де, өзін көреді;
Кейбірі жақсы, кейбірі жаман көреді,»
- деген шумағында көңілдің айна болғандығын тамаша
баяндайды. Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Біреу ренжиді, немесе біреу ұялар деп, айна мен таразы
шындықты айтудан бас тарта ма?»
«Айнада, таразы да бір өлшем. Оларға жүз жыл қызмет
етіп "Көңілім үшін шындықты жасыр, артық көрсет, кем-
шілікті көрсетпе!» - деп жалынсаң, олар саған былай деп
жауап береді: «Адамдарды күлдірме. Айна мен таразыға
қулық жасауға бола ма? Біз шыншыл болмасақ Аллаһ
ақиқаттардың біз арқылы танылуын қалар ма еді?»
Науқас, жаралы адам, қалайша өзін емдей алмай дәрігер
іздейтін болса, мінез-құлқы науқас, рухани жаралы адам-
дар да мінез-құлық дәрігерінің, яғни кәміл мүршидтің емін
алуға мәжбүр.
Кемелдікке жеттім деп ойлаған адамдар сырттай кіші-
пейілдік танытуға тырысады. Әлсіздігі мен кемшілігі ту-
рапы айтады. Алайда, бұл істегендері шынайы емес. Тек
көрсету үшін. Біраз тесіп жақындасаң, тәкәппарлық пен
мақтанышқа толы жүректі көресің. Хазіреті Мәуләнә:
«Осы мендік пен тәкәппарлықтан тазару үшін бір кәміл
мүршидтің көмегі мен фәйізі қажет», - дейді.
Кейбір адамдар тек кітап оқу арқылы ғана нәпсісін
тәрбиелеп, тәкәппарлық, менмендіктен арыламыз деп ой-
лайды.