Хикмет
баспа үйі
- 117 -
«Ол ит Асхабы Кәһфтің сұхбатын таңдағандықтан
үңгірдің аузында аяқсыз (кесесіз) иләһи рахмет суын ариф-
тер сияқты ішті».
Иістенген қоқыстар мен жемтіктің үстінен өткен самал
да, солардың сасық иісін айналаға таратады, тынысты біті-
ріп, көңілді тарылтады.
Құлшылық
ләззатынан
мақрұм
пасықтардың
мәжілісінде айналасына қараңғылық таралады. Олар да бір-
бірінің пасықтығымен біте қайнасады. Пасықтықтарының
достығынан ләззат алады.
Хазіреті Мәуләнә бір шумағында:
«Қабірстанға барып, сол жерде біраз уақыт үнсіз отыр!
Сол жердегі үнсіз сөйлегендерді тыңда!» - дейді.
Қалайша тышқанды гүл бағында ұстау қиын болса, кері-
сінше бал арасын да үйренген жерінен басқа жерде асырау
мүмкін емес. Өйткені, оның қорегі, дем алатын орны, гүл
бүршіктерінің ішіндегі дүние. Оны осы жерден басқа жерде
ұстау мүмкін емес. Әрбір жаратылыс өмірін өзінің жараты-
лысына тән жерде жалғастыра алды.
Адам да осы қағидаға бағынады!
Пәк рухтар Мұхаммеди ақиқаттан шағылысқан рухани
нәрден қоректенгені сияқты, кір және пасық рухтар да лас
нәрселерге қанағат етеді.
Хазіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу) Расулұллаһтың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жүзіне қарап; «қандай
көркем десеңші!» - деп таңқалатын. Әбу Жәһил де сол
мүбәрәк жүзден керісінше әсер алып, одан жиіркенетін.
Бұл айырмашылықтың себебі екеуі де Мұхаммеди айнадан
өз ақиқаттарын көргендіктен еді.
Хазіреті Пайғамбар ізбасарлары:
«Біз тұрған айна сияқтымыз, әркім бізден өз түрін
көреді,» - деген.
Ешбір айна адамның көңіліне қарап өтірік айтпайды
және жаманды жақсы, жақсыны жаман етіп кәрсетпейді!