Хикмет
баспа үйі
- 123 -
«Бұл қандай нәрсе? Сіз Пайғамбармен (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) үнемі осылай сұхбаттасасыз ба?» - деп
сұрадым. Хазіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу):
«Иә, кейде Расулұллаһпен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жеке қалғанда осылай сұхбаттасамыз,» - деді.
Бір хадис шәрифте Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм):
«Біз, пайғамбарлар қауымы, адамдардың дәрежесіне
түсіп, солар түсінетіндей түрде сөйлеуге міндеттіміз,»
-
деген. Екінші бір хадис шәрифте:
«Адамдарға өз ақылдарың жеткеніндей емес, олардың
түсінетіндей дәрежесінде сөйлеңдер»
- деп әмір еткен.
Дүниенің алдамшыәлем екендігіне байланыстыхадистер
болғаны сияқты, оның сиқыршы жән аяусыз болғандығын
баяндайтын хадис шәрифтер де бар.
Дүниенің уақытша әлем, көлеңке екендігін, ең айқын
ақиқаттың өлім болғандығын бәріміз біліп, тіпті ең жақын
адамдарымыздың елгендігін бірнеше рет көрсек те сол опа-
сыз, өткінші дүниеге көбінесе алданып қаламыз.
Бұл хақ хадис шәрифте айтылғандай, дүниенің өте ал-
дамшы болғандығынан. Осы ғапылдығымыз да оның осы
сиқырының кесірі.
Хазіреті Мәуләнә, дүниенің алдамшылығы мен
сиқырлығын темендегі жолдарда былай баяндайды:
«Ол сиқыршы айдың жарығында асығыс бес жүз құлаш
мата өлшейді!»
«Ол сенің күміс ақша сияқты өміріңді алған жоқ
па, өмірдің күмісінен айырылып, қияли мата жоғалып,
капиталың (жиналған байлығы) босап қалады».
«Ей, дүниенің сиқырына алданған адам! Саған «Құл
Әұзуді»
оқып:
«Уа, Раббым! Мейіріміңді төк, мені осы үрлегендерден
(демдерден) және нәпсінің дүние құмарлығынан сақта! -
деп дұға ету керек».