Хикмет
баспа үйі
- 129 -
«Сабырлылық өте маңызды. Би адам сабыр ете білуі ке-
рек. Уақытынан бұрын гүл ашылмайды. Шикі алмұрт же-
лінбейді, желінсе де бауырыңда қалады. Білімсіз қылыш та
тура шикі алмұрт сияқты».
«Халқың өз білімімен өмір сүрсін. Олардан сырт айнал-
ма. Әрқашан да барлығын сезін. Қоғамды басқаратын да,
аяғынан тік турғызатын да - осы білім, парасаттылық».
«Ең үлкен жеңіс - нәпсіні тану. Дұшпан - адамның өзі.
Досы болса, нәпсісін таныған адам».
«Ел - басқарушының ұлдары және бауырларымен
бөлісетін ортақ мүлкі емес. Ел - тек басқарған адамдікі.
Өлген кезде орнына кім келсе, елдің басшылығы соныкі бо-
лады. Өз кезінде қателескен аталарымыз, тірі кездерінде
елін ұлдары мен бауырларына бөліп берген. Сондықтан да
өмір сүре алмады, жалғастыра алмады». (Осы насихат
Османлыға 600 жыл үкім жүргіздірді.)
«Адам бір ретотырса, орнынан оңайлықпентұра алмай-
ды. Адам қимылдамаса, қаны ұйып қалады. Ұйыса, сөздер
айтылады, сөз өсекке айналады. Өсек басталса, басқаны
табысқа жеткізбейді. Дос - дұшпан болады, дұшпан -
жыртқышқа айналады».
«Ағатын қан босқа ақпау керек. Оған жол, бағдар керек,
өйткені қан жерді суару үшін ақпайды».
«Адамның күші бір күндері бітеді, бірақ білім бітпейді.
Білімнің сәулесі жабық көздерден де ішке түсіп, жарық
қылады».
«Хайуан өлсе ер-тоқымы қалады, адам өлсе мұрасы
қалады. Кеткен адамның соңынан емес, артына ештеңе
қалдырмай кеткенге жылау керек... Қалдырған адамның
қалдырған жерінен жалғастыру керек».
«Соғысты сүймеймін. Қан төгуді ұнатпаймын. Сонда
да қылыш сілтеу керектігін білемін. Бірақ, бұл сілтеу өмір
сүру үшін болуы керек. Әсіресе, адамның адамға қылыш сіл-
теуі - қылмыс. Басшы мемлекеттен тыс емес. Соғыс тек
басшы үшін болмайды».