Previous Page  130 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 130 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 131 -

жазған бағыт бағдары ескертулерге толы, тіпті қаттырақ

айтылған хаттары бар. Және сол кезде Фәрхат Паша

қолбасшылығындағы әскери қолмен бірге ЫстамБұлдан

Тәбрізге дейін жорыққа шыққан. Әскерлер мен Тәбріз

халқы осы көңіл сұлтанының руханияты мен дұғаларына

беленген.

Патшаларға жасалған ескертулерге байланысты бір мы-

сал айтар болсақ:

Патшалар жұма намазын оқу үшін сарайдың

баспалдағынан түсіп, келе жатқанда, бір қызметші:

«Хан ием, жасыңыз ұзақ болсын, жолыңыз ашық бол-

сын! деп, дұға етіп, махаббатын білдіретін.

Патша мешітке халықтың арасынан екі сап болып тұрған

сақшылардың арасынан өтетін. Патша нәпсінің сезімде-

ріне, халықтың ынтасы мен ілтипатына жеңілмеу үшін

сақшылар баяу дауыспен:

«Тәккәппар болма, Хан ием, сенен ұлық Аллаһ бар!» -

деп, қайталап тұратын.

Патшаға, мемлекет пен халыққа бағыт берген, оларға рух

берген, шабыттандырып, ынталандырған Әдебали мұрасы

жалғасқан уақытта империяның тарихы атақ-абыройға ке-

нелді.

Иылдырымның Әмір Сүлтаны, II Мұраттың Хажы Бай-

рам Уәлиі, Фатихтың Ақшамсәддині, II - Бәязидтің Мәһди

Пашасы, Явуздың Ибн Кемал Пашасы, Қанунидің Меркез

және Сүнбіл деген атақтылары, III - Мұрат, I - Ахмед пен IV

- Мүраттың Азиз Махмүд Һүүдайсі - жалғасып келе жатқан

Әдебали тізбегінің мәшһүр үлгілері.

Явуз Сәлім туралы бір естелікті сол кездің тарихшысы

былай баяндайды:

«Явуз Мысырға кірген кезде халық оның айбынын та-

машалау үшін терезеге жүгіріп, көшені толтырды. Явуз ең

алда емес, қарапайым әскерлерінің ортасында еді. Киімі

мен сауыты басқалардан өзгеше емес еді. Мысырдан қайтар

жолда Шамда жұма хұтбасында өзі туралы: