Previous Page  133 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 133 / 282 Next Page
Page Background

- 134 -

Хикмет

баспа үйі

ТҰТҚЫНДЫҚТАН ЕРКІНДІККЕ

«Достардыңдосын еске алуы мүбәрәк

нәрсе. Әсіресе ескеруші Ләйлә, еске алынушы

Мәжнүн болса!»

Хазіреті Мәуләнә

Бір саудагердің қапаста қамалған әдемі бір тоты құсы бар

еді, оны өте жақсы керетін.

Бір күні саудагер Үндістан жаққа саудаға шығуға

әзірленді. Жомарттығынан қызметшілерінің қалауларын

сұрап, тапсырыс алды. Осы кезде өте жақсы көретін тоты

құсынан:

«Саған Үндістаннан не әкелейін?» - деп сұрады. Тоты

құс:

«Солжердегі тоты құстарға меніңжағдайымды айтып,

сәлемімді жеткіз!»

- деді.

Қапастағы тоты құс өзіне тән (хал) тілімен Үндістандағы

тоты құстарға мына айғайын жеткізбек болды:

«Сендерге қызыққан бұл қапастағытоты құс аңшының

тұзағына түсті. Өмір бойы қапасқа қамалды. Сендерге

сәлемімді айтып, сендерден бір шара, көмек сұрап, жол сіл-

теп, бағдар берулеріңді үміт етемін!»

«Бұл лайық па, мен темір капаста қамалып жатай-

ын, сендер болсаңдар еркіндікге жасыл орманның, әсем

гүлдерінің ішінде шат болып жүресіңдер! Мен болсам

қапаста, сендер болсаңдар гүлстандасыңдар! Достардың

адалдығы осы ма? Менің осы бөтен елде сағынышпен сен-

дерденжырақ болудың қасіретіненшырылдағаным, осылай

жан тапсырғаным дұрыс па?»