- 98
Хикмет
баспа үйі
үй
«Ей, Перғауын! Егер сенмына лас шекпеннен, яғни рухқа
қапас болған тән балшығынан, баз кеше алсаң, өлкеңдегі
Ніл өзенін жан Ніліне батырып, жоқ қылар едің!»
«Ей, Перғауын! Мысыр елінен бас тарт, көңілдің мысы-
рында жүздеген Мысыр бар!»
«Сен халыққа - Мен Раббымын дейсің, бірақ осы екі
сөздің мағынасын түсінбейсің! Ей, ақымақ Перғауын! Сол
«Мен» дегенің саған қаншалықты үлкен зиян тигізуде.
Бірақ біз бәлекет пен қиыншылыққа толы мендіктен бас
тартқандықтан, көңіліміз қол жеткісіз бақыттылық
пен шексіз мемлекетке қол жеткізді!»
«Шүкіршілік, бізмынафәнидүниеден, бұлтәккәппарлық
отанынан, қүтыламыз».
«Бізге жапа шектірдім деп ойлағандардың қателігі - не-
гізіндв бізді көкке көтеріп, Раббымызға қауыштыратын
рахмет пырағы болды. Сенің салтанат құрған жерің -
тәкәппарлық пен ғапылдық шұңқыры ғана».
«Бізтірілетінмәңгілік өмірге қауышамыз, бірақ сентірі
сияқты көрінген рухы шіріген өліксің! Тірі жаназасың!»
Мәуләнә (құддисә сирруһ) Бұл оқиғаның ішкі жағын да
былайша талдайды:
«Малғұн әрі залым Перғауын сиқыршыларды иман үшін
өліммен қорқытып:
«Қолдарың мен аяқтарыңды шадырлап кестіремін. Со-
сын сендерді кешірмей, дарға астырам!» - деген еді.
«Сол кезде Перғауын сиқыршылар қррқып, өзіне бас иеді
деп ойлаған еді».
«Бірақ Перғауын, сол сиқыршылардың қорқыныштан
құтылып, иләһи сырлар мен ақикдтқа көз жеткізгендігін
білмейтін еді».
«Олар келіге салынып жүз рет түйіліп, үнға айналса
да, көлеңкесін өздерінен ажырата алатын парасаттылық
пен көрегенділік танытқан еді».