Previous Page  96 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 96 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 97

бұзылғанда орынында қалар еді. Алайда, сиқыршылардың

сиқыры бұзылғанымен қоймай, сонымен бірге шыбықтар

менжіптер толықтайортаданжойылған еді. Осымұғжизаны

көрген сиқыршылар:

«Біз Мұса мен Һарунның Раббысына иман еттік!»

- деп,

сәждеге жығылды.

Бұған Перғауын қатты ашуланып:

«Менің рұқсатымсыз қалайша иман етесіңдер? Демек,

Мұса сендердің ұстаздарың екен ғой! Сендер мұны содан

үйренген екенсіңдер! Олайболса, сендердіңқол-аяқтарыңды

шадырлап (қиғаштап) кесіп сендерді өлтіремін!» - деді.

Адами қорқыныштан құтылған сиқыршылар да

Перғауынға қарсы шығып:

«Біз сен үшін бізге келген айқын мұғжизадан бас тарта

алмаймыз! Сен не істесең өзің біл. Қалаған зұлымдығыңды

жаса! Қинағаның бізге зиян тигізе алмайды! Сенің үкімің

осы дүниелік өмірге тән. Ал біз Аллаһқа қайтарыламыз»

- деді.

Хазіреті Мәуләна сиқыршылардың осы сөздерін хал тіл-

дерімен былай жалғастырады:

«Ей, Перғауын! Сенің зұлымдығың бізге зиянын тигізбей-

ді. Өйткені Аллаһтың сыйы басқаның қаһарынан жоғары».

«Ей, жүрек көзі соқыр адам! Ей, адамдарды азғындық пен

адасушылық жолына тартқан адам! Сырымызды білсең

осы қорлық өлім арқылы біз өзімізді қорлықтан құтқарып,

шынайы өмірге қол жеткізетінімізді түсінер едің».

«Аллаһтың сыйы бізге сенің салтанатың оныңжанында

түкке тұрмайтын салтанат берді. Өйткені бұл салтанат

сенікіндей уақытша емес. Сол үшінде біз Хабиби Нәжжар

сияқты: Әттең қауымымыз мұны білгенде ғой! - дейміз».

«Ей, Мысыр өлкесі мен берекетті Ніл өзеніне қарап

тәкәппарлыққа салынған Перғауын! Басыңды көтеріп,

біздің өлімсіз, жойылмайтын салтанатымызды көр!»