- 88
Хикмет
баспа үйі
қияметте тамашаларымыз хақ. Махшар таңы болып ата-
тын өлім түні - әрбір адамның болашақтағы ақыры. Тәнмен
байланысты барлық нәрсе түбінде бір шіритіндігі дүние сах-
насында ғибрат ретінде көрсетіледі. Артта қалған күндер,
ақирет есебіне жазылады.
«Дүниеге келу мен дүниеден өту» сияқты екі үлы
беймәлімнің арасына қысылған ақыл, дүниеге байланы-
сы шынайы құндылықтың үкіміне жетіп іс-әрекеттерін
осыған қарай реттемейінше, жалған көлеңкелер әлемінен
ақиқаттар әлеміне қарай рухани сапарға шыға алмайды.
Табысқа жеткізетін шара мен амал істейтін уақыт пен
орыносыдүниеде.Осышектеулі уақыттыеңабзаламалдарға
жұмсаудың қасиеттілігі айдан анық. Уақыт ылғал сабын
сияқты. Оны қолда ұстап түру қиын, үнемі жылпылдап,
тұрған орнын да тайғанақ қылады. Уақыт - өткір қылыш
сияқты. Оған ие болу шеберлікті талап етеді. Оны жақсы
қолданып, ізгілікті таңдап маңыздысын алдымен орындап,
маңызсызын кейінге тастау керек. Бұл ақиқатқа жеткен
әрбір ақылдың қажеттілігі әрі шарты.
Сондай-ақ, Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм):
«Ертең істеймін дегендер жойылды!»
- деп бұйырады.
Бір қызығы, адам бір екі күн қонақ болған осы дүниеде
өзін алдайды. Күн сайын жаназалардың кешкенін көре
түра, өмірді өзіне үзақ санайды. Өзін әр сәт қолынан шығып
кетуі ықтимал фәни аманаттарға иемін деп ойлайды. Ал,
адам болса рухына тән кигізіліп бір есіктен дүниеге жіберіл-
се, енді ол өлім сапарына шыққан деген сөз. Ол осы жолға
әзірлену орнына кіреді, бірақ мұны ешқашан есіне апмай-
ды. Бір күні рух тәннен шығарылып, ақирет есігі болып са-
налатын қабірден екінші бір үлкен сапарға шығарып салы-
нады. Аллаһ Тағала былай дейді:
�
ن
�ُ�ِ�ْ�َ�َ �َ�َ
ِأ
�ْ�َ�ْ�
ا
�ِ� ُ�ْ�ِّ�َ�ُ�ُ
ْه
�ِّ�َ�ُ�ْ �َ�َ
و