- 84
Хикмет
баспа үйі
«Пайғамбарлар мөн әулиелердің көзі теңіздей кең. Сол
кеңшілік себепті екі дүние, дүние мен ақирет оларға қыл
сияқты көрінеді».
«Мыңдаған көкжүзі сол көздерге кірсе, теңіздің қасында
бұлақтай болады».
«Ол көз осы сезімдер әлеміне тән барлық нәрселерден
өтсе одан әріғайып әлемін көреді, сөйтіп осы қабілет
арқылы барша көріністерге ие болады».
«Егер осы ұлық әрі қасиетті көздерден жас тамса, бір
тамшысын Жәбірейл (аләйһиссәләм) іліп алар еді».
«Сол хош жаратылыстағы я жолдағы пайғамбар неме-
се әулиенің рұқсатымен іліп алған тамшысын қанатына
жағар еді».
Шәйх Аттар
(құддисә сирруһ) «Мақалат-Әруах» деген кі-
табында былай дейді:
Жүнәйд Бағдади (құддисә сирруһ) бір күні жолда ке-
тіп бара жатып, періштелердің аспаннан түсіп, жерде бір
нәрселерге таласқанын көреді.
Олардың біреуінен:
«Неге таласып жатырсыңдар?» - деп сұрады. Періште:
«Бір Аллаһ досы осы жерден өтіп бара жатып, ынтамен
бір күрсінді де, көзінен бірнеше тамшы жас төгілді. Осыны
пайдаланып Аллаһ Тағаланың рахметі мен кешіріміне қол
жеткізейік деп сол тамшыларға таласып жатырмыз».
Тәбүк жорығы кезінде пақыр сахабалардан жеті адам,
Аллаһ Расулына (саллаплаһу алейһи уәсәлләм) жүгініп,
одан көлік сұрады:
«Мінетін түйе болмағандықтан»
- деген жауапты естіген
кезде жылай-жылай кейін қайтты. Аллаһ жолында төгілген
осы көз жастардың Аллаһ тарапынан қабылданғандығы аят
кәримәдә:
«Сендерге көлік таба алмаймын» дедің және өздері де
тырысып ештеңе таба алмай қайғырып, көз жастарын төгіп
кейін қайтты,»
- (Тәубе, 92) деп мадақталады.