- 82
Хикмет
баспа үйі
«Бүгін түнде Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) бізге түсімізде:
«Үмбетімнің ішінен Наби атты бір шайыр мені зиярат
етуге келе жатыр. Бұл адам маған қатты ғашық және маған
деген махаббатқа толы. Осы ғашықтығы себепті оны Мәдина
мұнараларынан өз мақтауын айтып, қарсы алыңдар!» - деді.
Біз осы пайғамбар әмірін орындадық» - дейді. Наби
шыңғырып жылайды. Жылап тұрып былай дейді:
«Демек, Аллаһ Расулы (саллаплаһу алейһи уәсәлләм)
мені «үмметім» деді! Демек, екі әлемнің нұры мені үммет
болуға қабылдады!»
Сүлеймен Челеви Мәуліт Шәрифінде: «Хақ Тағала осы-
лайша жаратты Адамды,
«Адаммен қылды әшекей Әлемді" сөзімен Адам мен
әлемнің босқа жаратылмағандығын;
«Күн көбелектей айналған бұл ғажайып нұр кім» - деп,
екі әлемгежарық берген күннің, Хазіреті Пайғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ынтық болып, айналасын-
да айналғанын, яғни жансыз заттардың да оған ғашық
болғандығын қандай тамаша жеткізеді.
Бұл
нәзікжанды,
пәкмүминдер,
Расулұллаһтың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ақиқатына жақындау үшін
оның руханиятының айналасында көбелектей жанын пида
етуді, дүниенің ең үлкен нығметі деп біліп, иләһи ләззатқа
батқан.
АллаһРасулы (саллаллаһу аләйһиуә сәлләм) менЖағфар
Тайярдың (радиаллаһу анһу) арасындағы махаббаттан бір
көрініс:
Жағфар (радиаллаһу анһу), Хабашстан көшінен қайтып
Мәдинаға келеді. Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) Хайбарга кеткенін естігенде, жолын