Previous Page  76 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 76 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 77

уі Аллаһ Тағаладан Хазіреті Ибраһимге көмектесу үшін

рұқсат сұрады. Періштелер Хазіреті Ибраһимнен бір нәрсе

қажет пе деп сұрағанда, Ибраһим (аләйһиссәләм).

«Дос пен достың арасына кірмеңдер!» - деді. Кейін

Жәбірейл (аләйһиссәләм) келіп: «Менің қажетім бар ма?»

- деп сұрады. Ибраһим (аләйһиссәләм):

«Сеніңқажетіңжоқ. Олмағанкөмеккежеткілікті қандай

жақсы өкіл!» - деді.

Сондай-ақ Халилұллаһтың осы сенімі және тек Хақ

Тағалаға тәуекелі үшін, ол отқа түспей тұрып Аллаһ Тағала

отқа әмір етті:َ

��ِ�

َا

�ْ�ِ

ا

�َ�َ� �ً�َ�َ�َ

ْدًا و

�َ� �ِ��ُ�ُ

ر

�َ� �َ�

«Ей от, Ибраһимге салқын және сәлеметті бол!»

(Әнбия,

69)

Осы әмірмен бірге Ибраһимнің (аләйһиссәләм) түскен

жері бір сәтте гүлстанға айналады. Сол жерде бір бұлақ

қайнап аға бастады.

Хазіреті Ибраһим (аләйһиссәләм) Аллаһқа берген антын

орындау үшін ұлы Хазіреті Исмайлды құрбан етуге алып

бара жатқанда періштелер тағы да шарқ ұрып:

«Бір пайғамбар бір пайғамбарды құрбан етуге алып

бара жатыр!» - деді. Исмайл (аләйһиссәләм), әкесі Хазіреті

Ибраһимге:

«Ей, әкетайым! Әмір етілген істі орында! Иншааллаһ мен

сабыр етермін. Пышағыңды жақсылап қайра; дереу кесетін

болсын; жан беру оңай болады... Пышақты тартқан кезде бе-

тіме қарама! Бәлкім, әкелік мейіріміңмен кешіктірерсің...

Мен өз қолыңмен құрбан еткен балаңның қайғы-қасіретін

емір бойы ұмыта алмассың деп уайымдаймын» - деді.

Әке мен бала, мойынсұнудың теңізінде жүзіп жүргенде

көмекке Жәбірейл (аләйһиссәләм) келді. Пышақтың жүзін

қайтарды. Жәннаттан қошқар түсірді.