Previous Page  73 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 73 / 282 Next Page
Page Background

- 74

Хикмет

баспа үйі

жәннат пен гүл бақшасының ішінде басқаша бір гүл бағы

болғандығын көресіндер».

«Ей дәруіш! Өз бейнеңді, күмәнға, уәсуәсаға және

тәкәппарлыққа толы мендігіңді жойсаң, яғни барлық

пұттардың атасы болған өз нәпсіңе табынудан құгылсаң,

ішіндегі барлық пұттарды сындыруды үйренесің».

«Осыдан кейін, барлық бейне, барлық пұт атаулыны

сындырып, Хазіреті Хайдар сияқты

(Хайдар - Хазіреті Әлидің

лақаб аты)

Хайдар қамалының есігін жұлып аласың. Хазіре-

ті Ибраһим сияқты отты гүлстанға айналдырасың».

Мәснәуиде басқа Ләйлә хикаясы:

Сол кездің патшасы Ләйләні көріп, таңқалады:

«Мәжнүннің аянышты халге түсуіне себеп болған Ләйлә

сенсің бе? Сенің басқалардан ерекшелігің жоқ қойі» - дейді.

Ләйлә былай деп жауап береді:

«Сен Мәжнүн емессің, сондықган сәйлеуге хақың жоқ!»

Сырттай қарағанда Ләйлә басқалардан артық сұлу емес

еді. Соның жолында Қайстың Мэжнүн болуы оның ішкі

сұлулығын кергендігінен еді. Халифа Ләйләға Мәжнүннің

көзімен қарай алмағандықтан ондағы махаббаттың сырын

кере алмады. Өйткені, оны кәру үшін Ләйләнің сыртқы

сүлулығына қараушы көзді жұмып, керісінше оның ішкі

жан дүниесіндегі иләһи сұлулыққа қараушы көзі ашық бо-

луы керек еді.

Екінші жағыкан бұл ақиқатты білмеген халық та

Мәжнүннің халіне аяушылықпен қарап:

«Ей Мәжнүн, енді Ләйләдан бас тарт, одан да сұлулар

бар!» - десті. Сонда Мәжнүн былай деп жауап берді:

«Материалдық тән, көрініс, бейнеміз бір ыдыс сияқты.

Сұлулық ішіндегі иләһи шәрбет. Аллаһ Тағала маған осы

шәрбатты Ләйләның ыдысынан беретіндігін білгейсіндер.