Previous Page  74 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 74 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 75

Сендер ыдыстың сыртына қарайсыңцар, бірақ ішіндегі-

ден бейхабарсыңдар! Өйткені оның ішіндегі иләһи сұлулық

шәрбетін руханияттан нәсіпсіздөр көре алмайды. Оның

ішіндегі сұлулық, ары таза, пәк әйелдер сияқты күйеуінен

басқаға қарамайды да, көрінбейді».

Сол үшін Шәйх Сағди (құддисә сирруһ): «Ләйләның

сүлулығына Мәжнүннің көзімен қарау керек» - дейді.

Мәжнүн қаншалықты жынды деген сөз болса да, ол

- иләһи ғашықтықта фәни болған нағыз ақылды адам.

Өйткені, қаншама зерек деген адамдардың өздері жақсы

мен жаманды бір-бірінен ажыратуға шамалары жетпеген.

Олардың тапқандары - екі дүниенің бақытсыздығы. Сол се-

бепті Мәуләнә (құддисә сирруһ) былай дейді:

«Ғашықтың ақылдысын жынды деме! Рухпен бір шек-

пен жамылган адамды өтірікші деме! Түбі мен шегі жоқ

мұхитты кесе деме! Ол өзінің атын біледі!»

Мұңлы Юнустың көңілін өртеген иләһи ғашықтықтың

шыңында айтқан сөздері, ғашықтықтағы Мәжнүн болу ха-

лін мынандай тамаша көрсетеді:

Мен жүрмін күйіп - жанып,

Ғашықтық тұла бойымды жаулады.

Ақылды да емес, диуана да,

Кел көр маған ғашықтық не істеді?

Кейде жел боп есемін,

Кейде жол боп тозамын,

Кейде селдей тасимын,

Кел көр, маған ғашықтық не істеді?

Мәснәуиде айтылған Ләйлә туралы хикаялар тек балама

екендігін білу керек. Ләйлә - иләһи ғашықтықтың үлгісі,

иләһи махаббаттың көкжиегі.

Ләйләны көріп оның шынайы болмысына куә болу,

сенің де Мәжнүн сияқты шынайы ғашық болуыңа байланы-

сты. Әйтпесе, тек түр мен бейнеден басқа ештеңе емес. Сол

ғашықтыққа жетпеген адам үшін Ләйлә, бір тән ғана.