Previous Page  78 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 78 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 79

Хазіретінің алдына бір кесе алтын қойды. Хазіреті Пір бір-

ден қабағын түйіп, былай деді:

«Егер мен бұл істегендерімді Аллаһ үшін емес, пайда

үшін жасасам сенің ұлдарыңды оттың ішінен құтқара ал-

майтын едім!»

Өйткені отқа кіру тек Аллаһқа Халил болған Ибраһимнің

халіне ие болумен мүмкін болады. Өйткені, Хазіреті

Ибраһимнің (аләйһиссәләм) оттан қорқып шегінбеуі - оның

бойындағы Аллаһқа деген ғашықтығы мен махаббаты және

мойынсұнушылығы үшін Аллаһ Тағаланың оған берген

үлкен сыйы еді.

Жүнәйд Бағдади Хазіреті де Хазіреті Ибраһимге беріл-

ген осы иләһи сыйдан әсерлене отырып, өзіндегі қауышу

ынтасының артқандығы себепті, былай деуші еді:

«Егер Аллаһ пен менің арамда бір оттеңізі болғанда, Раб-

быма деген ынтықтығымнан сол теңізге іркілмей түсетін

едім».

Бірақ, мынаны да ұмытпаған жен: Хазіреті Ибраһимді

күйдірмеген отқа қарап, барлық адам өзі туралы дәл сон-

дай нәтиже күтуі, шамасын білмеу болып саналады. Мұның

ақыры - өкініш.

Хазіреті Мәуләнә бұл туралы былай дейді:

«Аллаһ жолында отқа түсу бар. Бірақ, отқа түспей

тұрып, өзініңИбраһимге қаншалықтыұқсайтыныңақара!

Өйткені, от сені емес, Ибраһимдерді танып, күйдірмейді!»

Мәуләнә (құддисә сирруһ):

«Кұран Кәрім - пайғамбарлардың халдері мен сипат-

тары. Құран Кәрімді ынтамен оқып, өмірде ұстансаң,

өзіңді пайғамбарлармен, әулиелермен кездескендей сана!

Пайғамбар қиссаларын оқыған сайын тән қапасы, жан

қусына тар бола бастайды».

«Біз Бұл тән қапасынан осы арқылы ғана қүтылдық. Ол

кдпастан құтылу үшін, осы жолдан, яғни тәухид жолынан

басқа шара жоқ» - дейді.