Previous Page  72 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 72 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 73

ЛӘЙЛӘНІҢ АУМАҒЫНЫҢ САҚШЫСЫ

«Мәжнүн емес болсаң үніңді шығарма! Сон-

дай ғашықгыққа жетпеген адам үшін Ләйлә

тек бір тән ғана!»

Хазіреті Мәуләнә

Ләйләсына жету үшін және оған ғашықтығынан сахара

кезген Мәжнүн сілекейі ағып, жүні түскен бір итті сипап,

оның көздерінен сүйді. Бұл жайтқа куә болған біреу шыдай

алмай, Мәжнүнға айғайлап:

«Ей, шикі Мәжнүн! Бұл істеген ісің не? Бұл жануарды

неге соншалықты құшақтап, сүйесің?»

Мәжнүн былай деп жауап берді:

«Сен бастан-аяқ бір тән, көрініс, түр ғана болсаң, менің

істегенімнен не түсінесің?! Ішке кір, яғни, рух әлеміне

сүңгіп оған менің көзіммен қара!

Бұл иттің қандай қасиеті бар білесің бе?! Бұл итте сен

шеше алмайтын бір иләһи сыр бар, Аллаһ оның көңіліне

иесіне деген сүйіспеншілігі мен адалдықтың қазынасын

жасырған. Әрі қарасаңшы, осыншама ауылдардың арасын-

да Ләйләнің ауылын мекендеп, сол ауылға сақшы болған!..

Ит деп менсінбейсің, ал сен оның көмегіне қара. Ол менің

жан дүниемнің мүбәрәк жүзді Қытмиры. Менің қуанышым

мен қайғымның ортақтасы. Мұның бір тал жүнін арыстанға

да айырбастамаймын. Көңіліне, жанына, парасатына назар

салсаң, оның қасиеттерін көресің! Ләйләнің ауылын мекен

еткен иттің аяғының басқан ізінің өзі мен үшін қымбат».

МӘСНӘУИ:

«Ей достар, түр мен көріністі тастап, нәпсіқұмар-

лықтан тазарып рухани әлемге кірсеңдер, ол жердің