Хикмет
баспа үйі
- 71
адам үшін сол дәрежеде қабыл болу үміті күмәнсіз боларын
білген жөн. Сондықтан намаз оқитын адамдар ынта үшін
мүмкіндігінше тыныштыққа көңіл бөлуі керек. Әйтпесе,
Аллаһ Тағаланың сөзі өте ауыр:
«Сол намаз оқығандарға нендей өкініш, олар намазына
немқұрайды қарайды»
. (Мағун, 4-5)
Өйткені нағыз намаз - ынтамен оқылған намаз. Аят
кәримәда былай делінеді:
«(Тек қана) намаздарын ынтамен (беріліп) оқыған
мүминдер, расында құтылады».
(Мүминун, 1-2)
Тіпті бұл ынта мүминнің барлық өмірін қамтиды. Сол
үшін Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ)
«Олар намазда-
рында бір қалыпта!»
(Мәариж, 23) аятын:
«Намаздан кейінгі халдың да намаздағы сияқты болуы»
түрінде тәпсірлейді.
Осы халге жету үшін, шынайы әрі терең көңіл байланы-
сымен Аллаһ Расулының (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
пәк ахлағын бойына сіңіріп, Онымен рухани тұрғыда бірдей
болу шарт.
Әлбетте, адам Расулұллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) алдында, иләһи қорқыныш мен пәк сезімдерді се-
зініп, рухын сыртқы дүниеге тән барлық кедергілерден
тазартқан кезінде, сонымен бірдей болу жолында деген сөз.
Тура жолын бекемдей түспек.
Оны толық мағынада ешкім танымдай алған жоқ. Жа-
ратылысын тани алған жоқ. Жәбірейл (аләйһиссәләм) де
сидрә-и мүнтеһада (ғарыштың шегінде):
«Мен шекарама жеттім. Сен жалғастыр!» - деді.
Әрбір сахаба ез қабілетіне қарай Расулұллаһты
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сезінетін. Оны өз ынтасының
терезесінен оны көретін.
Хазіреті Айша (радиаллаһу анһә):
«Расулұллаһтың жүзі жарқырап нүр шашатыны
соншапық, толған айдан да жарық болатын. Қараңғы кезде
инені соның жарығында сабақтайтын едім» - дейді.