Previous Page  67 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 67 / 282 Next Page
Page Background

- 68

Хикмет

баспа үйі

Х п

«Әбу Бәкір Сыддық Хазіреті Аллаһ Расулының

руханилық тұрғысынан әжетханада да көз алдына елестеу-

ден шағымданды. Яғни, Әбу Бәкір жуыну-тазалану орнын-

да да Аллаһ Расулының мүбәрәк түрі мен рухани бейнесінен

айырыла алмағандығын өзіне жеткізді».

Сол кезде төсек тартып жатқан Хазіреті Пайғамбар

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Хазіреті Әбу Бәкірдің осы

халіне қарап:

«Барлық есіктерді жабыңцар, тек Әбу Бәкірдікі қалсын!»

деген.

Бұл хадис - бірінен-біріне болатын рухани ағымдықандай

тамаша көрсетеді.

Хаже (қожа) Ұбәйдұллаһ Ахрарды қатты үсік шалады.

Қатты дірілдеп, от жағып жылытуға тырысады. Сол сәтте

өзімен бірдей болу сезіміне жеткен бір мүриді, суық суға

толы шұңқырға түсіп кеткендей дірілдеп, есіктен кіре-

ді. Дереу оны құрғатып, жылытады. Ол жылынған кезде

Ұбәйдұллаһ Ахрар Хазіретінің дірілдегені де аяқталады.

Бәязид Бистами иләһи махаббатқа берілетіндігі

соншалық, жаратушы себепті жаратылғандардың әрбірінің

ауыртпалығын жүрегімен сезіп, қиналатын.

Бір күн адамдар көз алдында бір есекті сабағаны

соншалық, жануардың арқасынан қан саулады. Сол сәтте

Бәязид Бистами Хазіретінің балтырынан да қан шыға бас-

тады.

Бұлбұл сайраған кезде қарсы таудан басқа дауыс

шықпайды. Достығымыз қаншалықты болса, соншалыкты

жақын боламыз.

Хазіреті Әлиге (радиаллаһу анһу) бір адам оны өте жақсы

көретіндігін айтады. Хазіреті Әли (радиаллаһу анһу):

«Дұрыс! Мен оны қалай сүйсем, ол да мені соншалықты

сүйеді» - деді.

Яғни, рухтағы бірдей болу физикалық бірігу мысалынан

өзгеше емес. Бұл рабыта (байланыс) арқылы болады.