Хикмет
баспа үйі
- 63
Көп жыл өткен соң Ләйлә Мәжнүннің қасына келеді.
Мәжнүн оған көңіл бөлмейді. Сонда Ләйлә:
«Мен үшін шөлде кезген сен емессің бе?» - дейді.
Мәжнүн:
«Баламалы, көлеңке болған Ләйлә ортадан шықты, еріп
кетті», - деп жауап береді.
Мәжнүннің өмірінің мақсаты болған Ләйлә иләһи
махаббатқа баспалдақ болған. Мәжнүн өмірінде ізде-
ген иләһи махаббат әлемінен орын тапқан соң, өміріндегі
Ләйләнің ролі аяқталады.
Мәснәуи хикаяларында айтылған Ләйлә ақырында
ипәһи махаббатқа айналған және болмысын Хақпен бірле-
стірген иләһи ғашықтықтың үлгісі.
Басқаша айтқанда Ләйлә кеңілді Мәжнүн қылатын,
физикалық қалауды бітіретін иләһи ғашықтықтың
көкжиегі.
Бұл тұрғыдан Ләйләлармен басталған махаббат әңгімесі
Мәуләда (Аллаһта) аяқталып, рахат табады.
Ақырында, Ләйлә қатардағы бір адам ғана. Ғашығының,
аты Қайс болғанымен Мәжнүн (жынды) етіп аңызга
айналдырған.
Бірақ, өзіне ғашық болынған адам Ләйлә емес, әлемнің
жаратылуының себепшісі әрі Аллаһ «Хабибім» деген бір
адам болса, ғашық адамның қандай халде боларын кім біл-
сін!
Енді бірнеше мысал арқылы осыны толықтырайық. Ха-
зіреті Мәуләнәның бір хикаясымен бастайық.
Хазіреті Мәуләнәның шәкірті Гүржү Хатунның сардар
күйеуі Қайсериге тағайындалады. Гүржү Хатун Селжүк
сарайының атақты суретшісі Айнуа Дәуләні жасырын суре-
тін салып алып, келу үшін Хазіреті Мәуләнәға жібереді. Су-
ретші ғапылдықпен Хазіреті Мәуләнәның құзырына барып,
жағдайды баяндайды. Ол да күлімсіреп: